Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы қайырымдылық шарасы

14 Желтоқсан 2016 | 11:15

img_334714 желтоқсан күні Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Samruk-Kazyna Trust» ҚҚ-мен бірлесіп көпбалалы және аз қамтылған отбасылар балаларына қайырымдылық концертін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына ел тәуелсіздігін нығайтуға аса қажет адамгершілік, отансүйгіштік, білімге құштарлық, бірлік, бейбітшілік пен келісім сияқты рухани парасаттылық құндылықтарымызды қалыптастыру мен дамыту.

Өзінің алғы сөзінде «Замандас» аула клубының директоры Л.Алшынова: «Еліміз егемендік алғанымызға 25 жыл толады. Бұл жүрегі елім деп соққан әр азамат үшін орны бөлек мереке. Бұл мереке бостандық пен тәуелсіздігіміздің символы болып табылады. Осынау аз уақыт ішінде Қазақстан бірлігі жарасқан тәуелсіз елге айналды» — деп атап өтті.

Салтанатты іс-шара әншілер А.Жайлаубаев, Ж.Сенбиева, ағайынды Жүгінісовтердің орындауымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты. Балалардың қуанышына толы болған мерекелік іс-шара өте көңілді өтті.

Акция соңында ұйымдастурушылар балаларға жас жеткіншектердің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тәлім-тәрбие беру мазмұнындағы «Тәтті алма» атты шығармалар жинақтары мен әлемдік классиктер әдебиетін сыйлады.

Ұйымдастырушылар концертті өткізуге өз үлесін қосқан әншелірге және  барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.

 img_3304

Өткізілген уақыты: 2016 ж. 714 желтоқсан, сағат 15.00-да.

Өткізілген орны: Астана қ., Ш.Құдайбердіұлы, 28

 

Анықтама:

Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» – Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.