Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
qozhaay

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры «Алтын тобылғы» («Золотая таволга») жүлдесінің лауреаттарын марапаттады.

9 Желтоқсан 2016 | 8:41

asn_3765«Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесі — 18 жастан 35 жасқа дейнігі жас қазақстандық авторлардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға арналған жоба. Жүлде алу үшін өтінімдер 2016 жылғы шілдеден бастап қабылдана бастады. Барлығы 110-нан астам әдеби шығармалары қабылданды, әділқазылар алқасы 6 үздік шығарманы іріктеді.

«Алтын тобылғы» жүлдесінің ұйымдастырушысы және құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры болып табылады. Жобаның әріптестері — Қазақстан Жазушылар Одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

«Алтын Тобылғы»  жүлдесі: «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балалар әдебиеті» төрт номинация бойынша үздік көркем шығармалар үшін беріледі. 1 миллион теңге сомасында жүлде алғандар:

  • «Үздік проза» - Алмас Нүсіп Жақыпақын, «Аға» атты шығармасы үшін.
  • «Үздік драматургия» — Байбол Әлібек Уәлиханұлы, «Адам туралы аңыз…» атты шығармасы үшін.
  • «Үздік балалар шығармасы»Серікбол Хасан, «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбы бойынша.
  • «Жылдың үздік поэзиясы» (2 лауреат)

- Бейсенов Еркеғали, «Аллажар Алаш!» шығармасы үшін.

- Олжас Қасым, «Жарылыс» шығармасы үшін.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбына арналған 1,5 миллион теңге мөлшеріндегі арнайы сыйлық Алматылық Кретова Татьяна Евгеньевнаға «Қазтабан» шығармасы үшін  тағайындалды.

Ынталандыру сыйлықтары келесі номинациялар бойынша берілді:

«Үздік проза» — Қанат Тілеуханұлы Исаевқа, «Жаназа» атты шығармасы үшін.

— «Үздік балалар шығармасы» — Алмазова Оксана Николаевнаға «Переход на новый уровень» атты шығармасы үшін.asn_3779

Конкурстың құрамына Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлері кірді, олардың ішінде ҚР Жазушылар Одағының Төрағасы Нұрлан ОРАЗАЛИН, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Александр ТАРАКОВ, қазақ ақыны, аудармашы, сценарист Бахытжан Қанапиянов және т.б. кірді.

Авторлық еңбектер мынадай критерийлер бойынша бағаланды: жанрға сәйкестігі, өзіндік ойлау қабілеті, авторлық көзқарас, әдеби-көркемдік құндылығы, идеялық ерекшелігі, баяндау жүйелілігі және мағыналылығы, қиялдау және шығармашылық тәсілдері, эмоциялық тереңдігі және эстетикалық әсер етуі.