Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстанның елшілігінде «Алаш» еңбегінің тұсаукесері өтті

4 Наурыз 2009 | 6:16

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде «Алаш» қозғаласының тарихи маңызы жайлы еңбеғіның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Ресей астанасы — Мәскеуде қазақ ғалымы Дина Аманжолаваның «На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана» атты еңбегінің тұсаукесер рәсімі болып өтті. Оған Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Әділбек Жақсыбеков, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Берік Әбдіғалиев, «Нұр Отан» ХДП-ның хатшысы Ерлан Қарин, сондай-ақ бір топ қазақстандық және ресейлік тарихшы ғалымдар қатысты.
Салтанатты шарада сөз алған тарихшы ғалымдар: «Алаш» қозғаласының феномені жалпыұлттық деңгейде әлі күнге дейін тарихи және ғылыми тұрғыда өзіне лайық бағасын алған жоқ. Өз отандасымыз Дина Ахметжанқызының бұл еңбегі аталған олқылықтың орнын толтыруға қосқан үлес болды»,- деп атап өтті.
Мәскеулік қандасымыздың бұл еңбегі Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен «Нұр Отан» ХДП-ның қамқорлығы аясында жуықта ғана Қазақстанда жарық көрген болатын.
Аталған кітап туралы жоғары бағалаған «Нұр Отан» ХДП-ның хатшысы Ерлан Қариннің айтуынша, «Еңбек тек тарихи деректерді ғана түзіп шықпаған, мұнда көпшілік біле бермейтін тың дүниелер бар. Өткен ғасыр басында мемлекет үшін жанкештілік жолдан өткен біздің зиялы қауымның қандай деңгейде болғанын бағамдайсыз».
«Автор «Алаш» қозғалысының 90 жылдығына осынау тың еңбегі арқылы баға жетпес тарту жасады деп санаймын. Әрі компартияның қанқұйлы саясаты кесірінен опат болған қазақ зиялылары туралы кітаптың тұсаукесері Мәскеу төрінде өтуі де маңызды оқиға болды деп бағалаймын»,- деді сөз кезегі келгенде Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Берік Әбдіғалиев. Аталған еңбек Мемлекеттік тілді дамыту қорының мұрындық болуымен шығып отырған алғашқы еңбек екенін атап өткен қор директоры «алдағы күндері біздің қор қазақтың ағартушылық бағытында осындай соны кітаптарды шығарып отырады», деді.
Дина Аманжолова «Алаш» тақырыбын он жылдан астам уақыт зерттеп жүрген ғалым. Ол 1995 жылы осы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбында докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғаған. 150-ге жуық ғылыми және әдістемелік еңбек, 15 монография мен 8 оқу құралын жазды. Оның еңбектері Ресей, Қазақстан, Англия, Германия, Франция және Жапония сияқты елдерде жарияланған.
Астана. 25 ақпан. «Қазақстан Бүгін»