Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Қазақ Елі – еркін ел атанғанда» атты тақырыпта әдеби кеш болып өтті.

7 Желтоқсан 2016 | 11:17

Астанадағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №77 мектеп-гимназияның оқушылары ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрлан Қалқамен кездесті.

Аталған іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, Отанымызға деген сүйіспеншілік және мақтаныш сезімін қалыптастыру, қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгеруге, қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен дәстүріне деген қызығушылықтарын ояту.

Кездесу кезінде Нұрлан Қалқа шығармашылығы туралы жан-жақты әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушылар ақынның ана тілі, Отан, тәуелсіздік, туған жер, достық, ауыл, астана, т.б. тақырыптарды қамтыған жырларын жатқа оқып, шағын концерт ұйымдастырды.

img_3131Кездесу соңында ақын оқушыларға қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйлады. Сондай-ақ, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай маңызды іс-шара өткізгендері үшін мектеп директоры Гүлжамал Байменова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Назым Жетпісбаева бастаған ұжым мен оқушыларға өз ризашылығын білдірді. «Тәуелсіздіктің қадірін терең түсініп, оны көздің қарашығындай қорғауға әрқайсымыз өз саламыз бойынша үлес қоссақ, еліміз одан әрі дами беретіні анық», деп толғанды сөз соңында ақын Н.Қалқа.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев те сөз алып, мектеп ұжымына алғысын айтып, оқушыларға Елбасы демеушілігімен жарық көрген 2-томдық «Тәтті алма» кітабын сыйға тартты.

Тағлымы мол, мазмұнды кездесуді Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік Серіктестігімен бірлесіп өткізіп отыр.img_3153

Ақын туралы дерек: Нұрлан Нұрахметұлы Қалқа Алматы облысының Асы жайлауында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп ертегі, новелла, әңгіме-өлеңдер жазумен шұғылданған. «Әке» атты алғашқы өлеңі 1984 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жарық көрген. Ақынның «Аққу-жүрек», «Жыл – он екі ай», «Отыз бесінші шілде», «Мизам шуақ» атты жыр кітаптары,  «Әке, сені сағындым» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. Өлеңдер топтамасы «Қазақстан жас ақындарының антологиясы», «Қос iшек», «Жыр маржаны» (қазақ поэзиясының антологиясы), «Азаттығым – ғажап күнім» (антология), Елбасы алғысөзімен жарық көрген «Тәтті алма» жыр жинақтарына, әңгiмелері «Арман қанатында» жинағына енген.

2016 жылы «Мизам шуақ» атты жыр жинағы үшін Қазақстан Жазушылар Одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ие болды.

 

Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының  әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылғанын атап өтеміз.

 

Өткізілген уақыты: 2016 ж. 7 желтоқсан, сағат 13.30-да.

Өткізілген орны: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 22/1

 

Анықтама:

Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» – Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.