Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Тәуелсіздікті нығайтуға күш біріктірейік» атты кеш

25 Қараша 2016 | 11:08

 

2016 ж2ылдың 24 қарашасы күні Алматы қаласында «Адаспан» қоғамдық қоры Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай № 141 мектеп-гимназиясында «Тәуелсіздікті нығайтуға күш біріктірейік» атты кеш өткізді.

Кештің мақсаты – тәуелсіздікті нығайту үшін жас ұрпақтың бойына аса қажет отансүйгіштік, білімге құштарлық, ана тілін білуге қызуғышылық таныту, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мен дамытуға үлес қосу.

Кешке дайындық аясында «Тәуелсіздік – халқымыздың қасиетті құндылығы» тақырыбында 2016 жылдың 25-30 қазан аралығында Алматы қаласының №141, 123, 178, 138 мектептерінің оқушылары арасында шығарма жазудан байқау өткізілді.

Комиссия мүшелері тақырыбы ашылған, мазмұны мен ойы терең, қосымша деректерді орынды пайдаланған, сауатты жазылған шығарма жұмыстарын саралап, жеңімпаздарды анықтады.

Осының нәтижесінде 1-орынға және арнайы дипломға №123 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Құнанбаева Меруерт ие болды. 2-орын және арнайы диплом № 138 гимназияның 11-сынып оқушысы Бекенова Жансая және №178 лицейдің 9-сынып оқушысы Аскербай Еңлікке берілді. Үш 3-орынды және арнайы дипломды үш оқушы жеңіп алды. Олар: №123 мектеп-гимназия оқушысы Рашидинова Назгүл, №178 лицейдің 10-сынып оқушысы Серік Мадина, №141 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Жұмабекова Айбота.

Байқауға қатысқан барлық оқушыларға және байқауға балаларды дайындаған ұстаздарға ұйымдастырушылар  арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырды.

Кешке қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ұстаздар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Оқушылар Алаш арыстарының поэзиялық және прозалық еңбектерінен үзінділерді жатқа мәнерлеп оқып, патриоттық әндерді шырқады.