Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

2016 жылдың ең ақылды оқушысы анықталды

2 Желтоқсан 2016 | 9:00

img_41902 желтоқсан күні Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында өткен республикалық онлайн турнирінің қорытындысы шығарылды.

Турнирдің мақсаты: дарынды балаларды анықтау, оқушылардың танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, білімді насихаттау, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға атсалысу, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

«Кім білгіш?» ойыны —  мобильді қосымшimg_4165а  арқылы онлайн өткізілетін интеллектуалды сайыс. Ойын спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 20 000 астам сұрақтардан тұрады. Турнирге еліміздің барлық аймақтарынан 1500 астам оқушы қатысты. Ойын барысында қатысушылар таңдаған тақырыптар бойынша сұрақтарға аз уақыт ішінде жауап беріп отырды. Екі тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылар финалға өтті. Астанада өткен қорытынды сайысқа 10 ойыншы қатысты, олардың ішінен 5 оқушы қазақ тілінде және  5 оқушы орыс тілінде ойнады.

Осылайша қазақ тілінде өткен саimg_4195йыста 1 орынды Шымкент қ. ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы Ақжол Ернұр жеңіп алып, 2 орынға Актобе облысы, Темір ауданы Кеңқия орта мектебінің 9-сынып оқушысы Байбақты Ерназ және 3 жүлделі орынға  Шымкент қ. ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы Лесов Еламан ие болды.

Орыс тіліндегі ойыншылардан 1 орынды Павлодар облысы, Ақсу қаласы 14 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Корчагин Данил жеңіп алып, 2 орынға Семей қ. Білім Инновациялық лицейінің 11-сынып оқушысы Кеңесбаев Қайдар және 3 жүлделі орынға  Павлодар облысы, Ақсу қаласы 14 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Карепов Илья ие болды.

Жүлдегерлер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен: ноутбуктар, планшеттер және смартфондармен марапатталды. Финалды турдың қалған қатысушылары: Шымкент қ. ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы Мүсәлі Айжігіт, Ақмола облысы, Еңбекшілер ауданы, Аманкелді орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жаров Бауыржан, ФМБ НЗМ 10 сынып оқушысы Маханова Айя,  ФМБ НЗМ 10 сынып оқушысы Жолдасова Назерке дипломдар мен басқа да бағалы сыйлықтарға ие болды.

Іс-шара аяғында жеңімпаздар турнир ұйымдастырушыларына алғыс айтып, келесі жылы жазғы демалыста жоспарланған екінші турнирге қатысуға ниеттерін білдірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2017 жылы «Кім білгіш?» ойыны ағылшын тілінде де қол жетімді болмақ.