Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Кім білгіш?» мобильді ойыны бойынша 9, 10, 11-ші сынып оқушылары арасында республикалық on-line турнир

21 Қазан 2016 | 3:58

%d0%b4%d0%b8%d0%bf%d0%bb%d0%be%d0%bc-%d0%bf%d1%80%d0%be%d0%b1%d0%ba%d0%b0%d0%b7-421 қазанда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында республикалық on-line турнир басталғаны туралы жариялады.

Жобаның мақсаты: дарынды балаларды анықтау, оқушылардың танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, білімді насихаттау, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға атсалысу, өскелең ұрпақты отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, шығармашылық белсенділіктерін, әлемді танып-білуге қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихы, мәдениеті туралы білімдерін жетілдіру мен тереңдету, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

«Кім білгіш?» ойыны спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 20 000 астам сұрақтардан тұратын мобильді қосымша. Онлайн турнир «Кім білгіш?» интеллектуалды ойыны бойынша қатысушылар арасындағы сайыс түрінде өтеді. Ойыншы алты раунд бойы түрлі категориялар бойынша сұрақтарға жауап беруі қажет. Ойын жеңімпазы дұрыс жауаптар саны бойынша анықталады. Турнир ойыншының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі.

Онлайн турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі —  2016 ж. 21 қазанынан 1 қарашасына дейін. Онлайн турнирге www.qazaq-found.kz  сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

І және ІІ тур 2016 ж. 1 қарашадан 15 қарашаға дейін онлайн режимінде өтеді. Финал 2016 ж. 25 қарашада Астана қаласында өтеді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2016 ж. 25 қарашасында Астана қаласының «Назарбаев орталығында» өтеді. Турнирде ең үздік нәтиже көресеткен қатысушылар бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталады.

Турнирдің Ережесімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz  және Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz  сайттарынан танысуға болады.

 

Анықтама телефондары: 8(7172) 74-29-09, 74-36-90

 

 «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында өтетін республикалық онлайн турнирдің

ЕРЕЖЕСІ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында республикалық «Кім білгіш?» онлайн турнир өткізеді (әрі қарай Турнир).

1.2.  Турнирдің мақсаты мен міндетері:

— дарынды балаларды анықтау;

— оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын арттыру;

— білімді насихаттау, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға атсалысу;

— өскелең ұрпақты отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу;

— шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

— әлемді танып-білуге қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихы, мәдениеті туралы білімдерін жетілдіру мен тереңдету;

— оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

 

1.3. Турнир құрылтайшысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры.

Байқау өткізудегі ұйымдастырушы мен серіктес – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

  • Турнир туралы барлық ақпаратпен ұйымдастырушылардың fpp.kz және www.qazaq-found.kz  сайттарынан танысуға болады.

 

  1. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

2.1. Ойын спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 20 000 астам сұрақтардан тұратын «Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша өтеді.

2.2. Ойын бағдарламасы қатысушыларды жұптарға бөліп, жеңіске жеткен ойыншы Турнирдің басқа қатысушыларымен ойынды жалғастырады.

2.3. Ойын барлық деңгейлерде қарсыластарын ұтып шыққан жеңімпаз анықталғанға дейін жалғастырылады.

2.4. Ойын статистикасы Турнирдің әр қатысушысы жинаған нақты ұпайлар берілген рейтинг түрінде қорытынды нәтижені көрсетеді.  Ең көп дұрыс жауап берген қатысушы жеңімпаз аталады.

2.5. Ойын әрқайсысы 3 сұрақтан тұратын 6 раундтан тұрады. Көмек ретінде қатысушыға 50/50 қызметін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Қатысушыға бір сұраққа жауап беруге 40 секунд уақыт беріліп, сұраққа жауап беруге үлгермеген жағдайда нәтиже қате деп саналады.

2.6. Қатысушыға әр раундта қолжетімді категориялардан кез-келгенін таңдап алу мүмкіндігі беріледі.

2.7. Турнир ойыншының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі.  Қатысушылар таңдаған тілге сәйкес топтарға бөлінеді.

 

  1. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ

3.1. Турнирдің басталуы туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz және Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz сайттары мен ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

3.2. Турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі —  2016 ж. 21 қазанынан 1 қарашасына дейін. Турнирге www.qazaq-found.kz сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

3.3. Бірінші тур 2016 ж. 1 қарашадан 7 қарашаға дейін онлайн режимінде өтеді. Бірінші турдың мақсаты келесі турға өтетін ойыншыларды іріктеу, қатысушылардың жалпы ойын шарттарымен танысуы, меңгеруі.

3.4. I тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылар автоматты түрде ІІ турға өтеді.

3.5. ІІ турға өткен қатысушылар смс пен электронды пошта бойынша хабарландырылады.

    3.6. Екінші тур онлайн режимінде  2016 ж. 7 қарашадан 15 қарашаға дейін өтеді. Қатысушылар таңдаған тілге (орысша немесе қазақша) сәйкес топтарға бөлінеді.

3.7. Қорытынды тур 2016 ж. 25 қарашада Астана қаласында өтеді. Финалда ІІ тур жеңімпаздары жүлделі орындарға таласады. Финалдың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар анықталады.

 

  1. ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

4.1. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

4.2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.

4.3. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2016 ж. 25 қарашасында Астана қаласының «Назарбаев орталығында» өтеді.

4.4. Финалға және марапаттау рәсіміне қатысуға кететін  шығындарды Турнирге қатысушылар өздері көтереді.

4.5. Финалда ең үздік нәтиже көресеткен қатысушылар бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталады.

4.6. Турнирдің қорытындысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының сайттарында жарияланады.