Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

ҚАРТТАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА

30 Қыркүйек 2016 | 7:24

3img_29770 қыркүйек күні сағат 11.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде» қарттар күніне орай қайырымдылық шара өтті.
1 қазанда Халықаралық қарттар күні бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтылған қарттардың, зейнеткерлердің жағдайына көңіл бөлу, оларға көмек көрсету болып табылады.
img_2971
Мемлекеттік тілді дамыту қоры қарттарды мерекелерімен құттықтап, оларға Қазақстанның өсіп — өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
img_2979Қор қызметкерлері қарттарға қазақ тіліндегі сөйлейтін қаламы бар интерактивті кітаптар мен үстел ойындарын сыйлап, іс-шара соңында қарттарға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тіледі.
Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылғанын атап өтеміз.img_2983
Анықтама:
Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» – Қазақстан Республикасында қайырыimg_2991мдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.