Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

   «БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СЫЙЛЫҚ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

15 Тамыз 2016 | 8:18

IMG_2768
15 тамыз күні сағат 12.00 – де Астана қаласының «Қасиетті жол» балаларды оңалту орталығында «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» қайырымдылық шарасы өтті.

1 қыркүйек — мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндер үшін толғанысқа толы ерекше мереке. Мемлекеттік тілді дамыту қоры биыл осы мерекеге ортақтасып, «Қасиетті жол» балаларды оңалту орталығының 25 тәрбиеленушісіне көмек көрсетті.

Болашақ оқушылар ата-аналарымен бірге мерекелік іс шара ұйымадастырды.

Қор директоры А. Шауеев өзінің құттықтау сөзінде оларға өмір жолының жаңа белесінде жаңа жетістіктер, мықты денсаулық, жаңа бастамаларда сәттілік және оқуға деген қызығушылықтарының арта беруін тіледі.

IMG_2766

Іс-шарада оқушыларға қажетті кеңсе құралдарымен толық жабдықталған сөмкелер сыйланды. Сонымен қатар қор әр балаға қазақ тіліндегі балаларға арналған әдеби кітаптар мен ертегілер сыйға тартты. Мереке соңында ұйымдастырушылар бүлдіршіндерге ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің білікті Азаматы болып өсе берулеріне тілектестігін білдірді.

Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының  әлеуметтік серіктесі «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылғанын атап өтеміз.IMG_2827

Өткізілген уақыты: 15 тамыз 2016 ж., сағат 12.00-де.

Өткізілген орны: Астана қ., Қошқарбаев көшесі, 64, «Қасиетті жол» балаларды оңалту орталығы.

 

 

Анықтама:

Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» – Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Байланыс:

Телефон : 8(7172)74-29-09

www.qazaq-found.kz