Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қор қайырымдылық шарасына қатысты

1 Маусым 2016 | 11:00

Жаздың алғаIMG_2691шқы шуақты күні көптеген елдерде Халықаралық балалар күні (International Children’s Day) аталып өтеді.  Қазақстандықтарға бұл күн Балаларды қорғау күні деген атпен белгілі.

Бұл балалар үшін ең қуанышты күн болумен қатар, біздер үшін балаларға әрқашан қамқорлық көрсету, қорғау, олар үшін жаупекершілікті болу керектігін еске түсіру күні.IMG_2715

«Клуб добряков Астаны» ерекше балар мен әлеуметтік аз қамтылған  отбасылардағы балалар үшін жыл сайынғы қайырымдылық іс-шарасын өткізді. 80 балаға «Астана Нұры» мейрамханасында дастархан жайылып, түрлі қызықты ойындар өткізілді, баларға сыйлықтар берілді.

Мемлекеттік тілді дамыту қоры бұл шараға өз үлесін қосу мақсатымен әр балаға қазақ тіліндегі балаларға арналған әдеби кітаптар мен ертегілер сыйға тартты. Мереке өте көңілді өтті, бұл күн балалардың қуанышына, түрлі қызықты ойындарға, сыйлықтарға толы болды.

001Еске салып өтсек, Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтеді. Мереке 1949 жылғы қарашада Париж қаласында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының конгресі шешімімен бекітілді. Тұңғыш рет бұл мейрам 66 жыл бұрын аталып өтті.