Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«SOYLE.KZ» арқылы сөйлесейік

24 Мамыр 2016 | 6:29

111111Үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры жобаларының таныстырылымы болып өтті.

Жиынға СІМ-нің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, қызметкерлер қатысты.

Қор директоры Азат Шәуеев Қордың осы уақытқа дейін атқарған шаралары, ересектерге арналған «SOYLE.KZ» балаларға арналған «BALA.SOYLE.KZ», сияқты жобалар жөнінде толық мәлімет берді.

А. Шауеевтің айтуынша бұл жобаларды жасауға көптеген танымал ғалымдар, бағдарламашылар атсалысқан, жобаларды дайындау барысында осыған ұқсас көптеген шетелдік нұсқалар зерттеп, зерделенген.

Таныстырылым кезінде қызметкерлерге бұл жобалар көрнекі түрде көрсетіліп, мысал ретінде әр бөлімдердің қалай жұмыс істейтіні түсіндірілді.

Кездесуде әйгілі «WhatsApp» месенджерінің аналогы қазақстандық «iTys» месенджері туралы да мағлұмат берілді. Қазірдің өзінде бұл қызметті 500 мыңнан астам қазақстандықтар мен шетелдегі қандастарымыз пайдаланады екен.

Оған қоса Қор әзірлеген tattialma.kz (балалар әдебиеті) сайты, abaialemi.kz онлайн порталы, «Кім білгіш» (тапқырлық ойындары) және «Менің Қазақстаным» атты андройд платформаларына арналған ұтқыр қосымшалар жөнінде жан-жақты әңгіме болды.

Таныстырылым соңында СІМ қызметкерлері тарапынан Қор басшылығына көптеген сұрақтар қойылды, аталған жобалар мен ұтқыр қосымшалар тіл үйренуге, ұрпақты патриоттық тұрғыдан тәрбиелеуге өте пайдалы деген пікір білдірді.