Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Алғыс айту күніне орай оқушыларға қайырымдылық көрсетілді

29 Ақпан 2016 | 4:35

666Алғыс айту күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының № 48 мектеп-лицейінде акция өткізіп, мектеп кітапханасына 300-ге жуық қазақ тіліндегі әдеби шығармалар мен сөздіктерді тарту етті.

Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге, тарих пен мәдениетті білуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары Қордың қызметі және жобаларымен танысты. Олар: қазақ тілін онлайн режимінде үйрететін Soyle.kz порталы, оның Soyle мобильдік қосымшасы, балаларға арналған Bala.soyle.kz сайты, Abaialemi.kz онлайн-энциклопедиясы, Tattialma.kz атты қазақ тіліндегі балалар әдебиеті сайты, «Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасы, ҰБТ-ға дайындалуға болатын қазақ және орыс тілдеріндегі «Кім білгіш» («Кто умнее?») мобильді ойыны.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының
Баспасөз қызметі