Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

4 жас қазақстандық «Алтын Тобылғы» әдебиет саласындағы алғашқы Сыйлықтың лауреаты атанды

4 Желтоқсан 2015 | 10:31

5756Бүгін Астанада Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Қоры «Алтын Тобылғы» әдебиет саласындағы алғашқы Сыйлықтың лауреаттарын марапаттады.

«Алтын Тобылғы» әдеби туындылар сыйлығы – 18 бен 35 жас аралығындағы жас қазақстандық авторлар шығармашылық әлеуеттерін жүзеге асыруға бағытталған жоба. Сыйлыққа өтінім қабылдау 2015 жылдың шілдесінде басталған. Барлығы жиналған 120 әдеби туындылардың ішінен әділ қазылар алқасы 4 ең жақсы туындыны таңдады.
«Алтын Тобылғы» сыйлығы ұйымдастырушысы және құрылтайшысы – Елбасы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры. Жоба серіктестері – Қазақстан жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.
«Біз бұл жобаны мақтан тұтамыз және дәл қазір, оның алғашқы нәтижелерін бағалай отырып, оның қаншалықты уақытылы және қажетті екендігін көрдік. Қазақстан жастары көп таланттарға толы және мен қазір елдің мәдени және әлеуметтік дамуында алғашқы орында жас буын философиясы болуы керек деп сенемін. Біз жас қазақстандықтардың шығармашылық әлеуетін қолдау және ынталандыруды өз миссиямыз ретінде көреміз», — деп атап өтті марапаттау салтанатында Сағындық НҰРАҚАНОВ, Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры.
«Алтын Тобылғы» төрт номинация бойынша ең жақсы көркем туындыларға беріледі: «Ең жақсы проза», «Ең жақсы поэзия», «Ең жақсы драматургия», «Ең жақсы балалар әдебиеті». 1 миллион теңгеден келесі авторлар алды:
• «Ең жақсы проза» — Арай ЕРТАРҒЫНОВА, 20 жас, (Өскемен қ.)
• «Ең жақсы драматургия» — Әннәс БАҒДАТ, 31 жас, (Алматы қ.)
• «Ең жақсы балалар әдебиеті» — Алексей ВАРЗАЕВ, 35 жас,
(Шахтинск қ., Қарағанды обл.).
Сонымен қатар, «Мәңгілік ел» тақырыбына туынды үшін 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйлық 34-жасар Алматы облысы Талдықорған қаласынан Есболат АЙДАБОСЫНҒА берілді.
«Ең жақсы поэзия» номинациясы бойынша сыйлық бұл жылы табысталмады.
Байқау әділ қазыларына Қазақстанның атақты мәдениет қайраткерлері кірді, олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаты, ҚР Жазуышлар одағы басшысы Нұрлан ОРАЗАЛИН, «Казахстанская правда» республикалық үнпарағы» АҚ басқарма төрағасы Александр ТАРАКОВ, қазақ ақыны, аудармашы, сценарист Бақытжан Қанапиянов және т.б.
Авторлық туындылар жанрға сәйкестік, ойлау еркіндігі, авторлық позиция, баяндау бірізділігі және мағыналығы, идея шынайылығы, әдеби-көркем артықшылықтары, қиял және шығармашыл әдіс, эмоционалды және эстетикалық әсер тереңдігі сынды критерийлер бойынша бағаланды.

Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Қоры – 2000 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назабаевпен бекітілген бейкоммерциялық ұйым. Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге қоғамдық-саяси жобалар жүргізеді. 2007 жылдан бері Қор директоры болып Дариға Назарбаева табылады.