Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Ілтипат пен құрмет

7 Қараша 2015 | 4:26

20151106172Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тіл жанашыры» құрмет белгісін табыстау рәсімі өтті. Түрлі лауазымда қызмет ететін, мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіруге, оны дәріптеу мен насихаттауға зор үлес қосып жүрген ұлтжанды азаматтар салтанатты түрде «Тіл жанашыры» төсбелгісіне ие болды.

«Тіл жанашыры» құрмет белгісі мемлекеттік тілдің өркендеуіне атсалысып келе жатқан отандастарымызды ынталандыруды көздейді. Нақтырақ айтатын болсақ, құрмет белгісі Қазақстан Республикасы мен шетелдерде қазақ тілінің, мәдениетінің, салт-дәстүрінің кең тарауына үлес қосып, тілді меңгеру деңгейін жоғарылату жолында жұмыс жүргізген, әртүрлі салаларда қазақ тіліндегі қызмет сапасын арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастырған және өткізген, өз күшімен, сондай-ақ, жеке қаражатымен тілге, ұлттық мә­дени шараларға демеушілік жаса­ған, мемлекеттік тілді бұқаралық ақпа­рат құралдары арқылы насихат­тауға, тіл беделін арттыруға нақты ісімен тұшымды жұмыс тындырған тұлғаларға табыс етілді.

– Елімізде тілге жанашырлық көрсететін азаматтар аз емес. Осы­ған орай, бізге бұл жолы 100-ге жуық ұсыныс келіп түсті. Солардың ішінен 21 үміткерді ғана іріктеп алдық. Сіздердің әрқайсыңыздың орындарыңыз бөлек. Бәріңіз де тілдің тағдыры үшін тынбай күресіп жүрсіздер, жас ұрпақ тілінің таза болуына атсалысып келесіздер, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне қамқор болып жүрсіздер, жылдар бойы көз майын тауысып, сөздіктер жасадыңыздар, тіл тәрбиесін бала тәрбиесімен ұштастыра білдіңіздер, тілді дамытуға арналған жобаларды қолдап, ұлт меценаты атан­дыңыздар. Соның бәрі де еске­рілді. «Тіл жанашыры» атану – зор мәртебе. Беделі биік бәйге­де жеңімпаз болғандарыңыз – ұзақ жыл төккен тер мен ерен еңбек­тің жемісі, – деді Президент Кеңсесінің Бастығы, «Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Пре­зи­денті – Елбасының кітапха­насы» мемлекеттік мекемесі дирек­торы­ның міндетін ат­қарушы Махмұт Қа­сымбеков шараның ашылу бары­сында сөйлеген сөзінде.

«Тіл жанашыры-2015» төс­бел­гісін кімдер алды дегенге келетін болсақ, олардың қатарында Астана қаласы №54 мектеп-лицейінің директоры Ғалияш Әмірина, «ZHERSU» инвестициялық-өн­дірістік корпорациясының төр­ағасы Бауыржан Оспанов, Қазақстан Жазушылар одағының Ақ­мола облыстық филиалының ди­рек­торы, «Бұқпа» газетінің және облыстық «Жер шоқтығы» әдеби, мәдениет және қоғамдық журна­лының бас редакторы Тө­леген Қажыбай, Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Айша Құлбатыр, Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы ЖШС-нің бас директоры Бейсен Құранбек, Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық фи­лиа­лының төрағасы Болат Жексенғалиев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мем­лекеттік университетінің доценті Зиба Абдуллақызы, халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Те­мір­ғали Көкетай, Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкин, Қор­қыт Ата атын­дағы Қызылорда мемлекеттік уни­верситетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры Аман Абасилов, Оң­түстік Қазақстан облысындағы «Айғақ» телеарнасының директоры Дулатбек Әбіш, Павлодар облыстық «Ертіс дидары» га­зетінің редакторы Арман Қа­ни, М.Қозыбаев атындағы Сол­түс­тік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Зарқын Тайшыбай, «КМ компаниялар тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мусин, Бас Прокурордың орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Жақып Асанов, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкерлері Сейдін Бизақов пен Нұргелді Уәли, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы «Мұрагер» қоғамдық ұйымының негізін қа­лаушы Нұрлан Өміржанов, Ресей Федерациясының Орынбор қала­сындағы қазақтардың «Атамекен» қалалық ұлттық-мәдени автоно­миясының вице-президенті Сәуле Тайкешова бар.
Ұлт үшін ұмтылып, жұрт үшін жұмылып еткен еңбектің жемісі де, жеңісі де осы болу керек.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».