Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Тәтті алма» — Елбасының балаларға сыйлығы

9 Қыркүйек 2015 | 8:05

00009 қыркүйек күні Астанадағы №70 мектепте «Тәтті алма» атты 2-томдық балаларға арналған шығармалар жинағы мен www.tattialma.kz балалар сайтының тұсаукесері өтті.
Мемлекеттік тілді дамыту қорының бұл жобалары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленіп отыр.
Іс-шараға Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, жинақты құрастырушы автор, жазушы Шәкен Күмісбайұлы және елімізге белгілі ақын-жазушылар, мектеп оқушылары мен журналистер қатысты.
Елбасының тікелей қолдауымен басылып шыққан бұл жинаққа қазақ балалар әдебиетіндегі белгілі ақын-жазушылары мен жас қаламгерлердің ХХ ғасырдың орта тұсынан бүгінге дейінгі жарық көрген туындылары еніп отыр. Жас жеткіншектердің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тәлім-тәрбие беру мазмұнындағы шығармалар жинақта жүйелеп топтастырылған.
Жинақ Н.Ә.Назарбаевтың: «Балаларға арналған шығармалар үлкенді сыйлау, кішіні демеу, ел мен жерге, Отанға қызмет ету, саналы да сергек ұрпақ өсіру сияқты асыл қасиеттерді насихаттап, балғындарды биік мұратқа жетелегені жөн. Қос томдық көркем шығармалар жинағы – осындай мәні мен маңызы жоғары дүние» — деген алғысөзімен басталады.
Жинақ 3000 дана болып басылып, олардың басым көпшілігі республикадағы балалар кітапханалары мен мектептерге таратылды.
www.tattialma.kz сайтының басты мақсаты – балаларды әдебиет әлемімен таныстыру. Сайттың басқы бетінде жинаққа енген шығармалар орналастырылған. Сондай-ақ, сайтта мультфильмдер, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, және ата-аналарға арналған бөлім мен байқаулар бөлімі бар. Сайт үнемі жаңа материалдармен толығып отыратын болады.
Мемлекеттік тілді дамыту қоры www.tattialma.kz сайтының тұсаукесеріне орайластырып «Балаларға арналған ең үздік шығарма» байқауын жариялап отыр. Байқауға қатысуға тілек білдірушілердің барлығы өз туындыларын жібере алады. Толық ақпаратты Қордың арнайы сайтынан және Тәтті алма сайтынан алуға болады (www.qazaq-found.kz, www.tattialma.kz )

Мемлекеттік тілді дамыту қорының
баспасөз қызметі