Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстанмен өзінің тағдырын қосқан адамдардың барлығы баласына қазақтың тілін үйретуде — ҚР Президенті

25 Тамыз 2014 | 4:50

Ең бастысы, өзіміз қазақша сөйлеуіміз қажет. Бұл туралы бүгін «Хабар» телеарнасына эксклюзивті сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Қазақ тілінің қолданылуы мен өркендеуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды. Конституцияға «Мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай жазылды. Енді ешкімге қазақ тілінде сөйлеме деп және тілге кедергі келтіріп отырған бір адам жоқ. Ең бастысы, өзіміз қазақша сөйлеуіміз қажет», — деді Президент.

Мемлекет басшысы жыл сайын елімізде 100 мың бала мектеп бітіретінін, соның 80 мыңы қазақ тілінде тәмамдайтындығын айта келе, барлық мектептерде қазақ тілін оқыту міндетті болып саналатындығын және қазіргі кезде балалар қазақша, орысша, ағылшынша сөйлей алатындығын атап өтті.

«Біз Тәуелсіздікті жариялағанда Қазақстанда қазақтың ауқымы 40 пайыз болатын. Қазір қазақтың ауқымы 65 пайызға жетті. Құдайға шүкір, жыл сайын халқымыздың саны көбейіп келе жатыр, оның ішінде негізгі көбейіп келе жатқаны — қазақтың саны. Ал енді барлығын тыйып тастап, қазақ тілінен басқасын заңмен алып тастасақ, онда Украинадағы жағдай болады. Қазір осыны түсінген шығар барлығы. Соны жасап, жұрттың барлығын басынан соғып отырып, қазақтың тіліне алып келіп, қантөгіс қылып, Тәуелсіздіктен айырылуы керек пе, әлде ептеп мәселемізді шешу керек пе? Сондықтан менің ойымша, бұл жерде сабырлылық керек. Болашақ біздің қолымызда, болашақ бізге жұмыс істеп жатыр. Тілді қолдану ауқымы артуда. Барлық облыстарда іс жүргізу қазақ тілінде өтеді. Оған ешкім кедергі жасамайды», — деді Елбасы.

Сондай-ақ Н.Назарбаев: «Бүгінде қазақ тілінде сөйлейтін басқа ұлттар көбейіп келеді. Қазіргі кезде Қазақстанмен өзінің тағдырын қосқан адамдардың барлығы баласына қазақтың тілін үйретуде. Ал енді қазақпен тарихын, болашағын бірге деп санамайтын адамдар бәрібір көшеді, оған біз тыйым сала алмаймыз. Сондықтан өзіміздің халқымыздың сана-сезімін үйретіп, өз тілімізді өзіміз бағалап жүруіміз керек»,- деді.

«Тіліміз өркендеп, өсіп келе жатыр. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Қазақстанда мемлекеттік тілдің болашағы зор»,- деді Елбасы.

Сонымен қатар Президент бүгінде әлем халықтарының 70 пайызы ағылшын тілін қолданатынын, бұл ол бүгінде ақпараттың, ғылымның, білімнің тіліне айналғандығын, сондықтан еліміздің экономикасын көтеру бағытында жастар ағылшын тілін меңгеруі тиіс екенін айтты.

inform.kz
25.08.2014