Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік Қоры

Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадаcы туралы баспасөз-хабарламасы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы  Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының қолдауымен  2012 жылдың 17-19 мамыр күндері  5-10 сынып оқушылар арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында өткізеді (Ақмола облысы, Щучье қаласы).

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың туған елінің тарихын танып білуге қызығушылықтарын арттыру, өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Бірінші кезең нәтижелері бойынша республиканың барлық өңірлерінен жоғары ұпай жинаған 190-нан астам  оқушы олимпиаданың қортынды 2 кезеңіне қатысуға шақырылды.

Оқушылардың білімін Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының белгілі ғалымдары бағалайды.

Олимпиаданы өткізу барысында команда жетекшілері және қазылар алқасының қатысуымен дөңгелек үстел өткізу қарастырылған.

Олимпиада бағдарламасы аясында қатысушыларға «Бурабай» шипажай аймағының мәдени және тарихи жерлеріне саяхат ұйымдастырылады.

Олимпиада жеңіпмаздары мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен марапатталады. Барлық Олимпиада қатысушыларына сертификаттар табыс етіледі.

«Тарих ата» олимпиадасының ашылу салтанаты 2012 жылы 17 мамыр күні сағат 15.00-де «Балдәурен» РОСО-ның концерт залында өтеді.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты а.ж. 19 мамыр күні сағат 11.00-де  «Балдәурен» РОСО-ның концерт залында өтеді.

Қосымша ақпаратты алу үшін мына мекен- жайға хабарласу қажет:

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 16/1 «Дарын» РҒПО-ы,

тел. (7172) тел.:8 (7172) 445-352, 44-53-48.

Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл дамып келе жатқан қазақстандық азаматтық қоғамның біріктіруші ядросы ретінде көрінуде – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев
Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл дамып келе жатқан қазақстандық азаматтық қоғамның біріктіруші ядросы ретінде көрінуде. Бұл үдеріс объективті жүріп жатыр.

Мемлекеттік БАҚ-тардың 70 пайызы қазақ тілінде шығады.

Қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқитындардың саны 63 пайызды құрайды.

Біз 2020 жылға қарай барлық қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деген міндет қойып отырмыз.

Мемлекеттік тілді меңгеруге алдымен өз қандастарымыз мол үлес қосуы керек.

Еліміздегі он миллионнан астам қазақ түгел ана тілінде сөйлесе, байлықтың үлкені осы болар еді.

Бұл тіл баршаны біріктіретін, жастарды жақындастыратын татулық тіліне айналуға тиіс!

Мен тіл туралы мәселе – саясат мәселесі емес екенін талай айтқанмын.

Саяси шешім баяғыда, Конституция мен тиісті заңдар қабыл¬дануымен алынған болатын.

Тіл туралы мәселе саяси саудалаудың тақырыбы бола алмайды.

Енді бұл практикалық мәселе.

Экономикалық және әлеуметтік жаңғыртудың маңызды қыры – тілдердің үштұғырлығын дамыту.

Іс жүзінде барлық қазақстандықтар орыс тілін біледі. Бұл – біздің жоғалтуға болмайтын ортақ байлығымыз.

Қазақстандықтар үшін инновациялар, технологиялар мен бизнес әлеміне терезе ашатын ағылшын тілінің маңызы мен рөлі артып келеді.

Бүгінде кез келген дамыған елде тұрғындардың абсолютті көпшілігі 2-3 тілде еркін сөйлейді.

Сондықтан технологиялық тұрғыдан ілгері кеткен елдерде химия, математика, физика, биология сияқты жаратылыстану пәндері мектептер мен университеттерде көбіне-көп ағылшын тілінде оқытылады.

Ал тарих, әдебиет және басқа гуманитарлық пәндер ана тілінде оқытылады.

- Мұның ең жаңа мысалы Малайзия тәжірибесі.

Онда халықтың басым көпшілігі елдің мемлекеттік тілін тамаша біледі, бірақ оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Бұлай болмаған жағдайда, деп есеп¬тейді олар, ел технологиялық тұрғыда әлемдік қоғамдастықтан кейіндеп қалады. Бұл – әмбебап педагогикалық қадам.

Сондықтан бізге де ағылшын тілін оқу қажет.

Білім және ғылым министрлігіне осындай халықаралық тәжірибені ендіру мәселесін тапсырамын.

http://www.inform.kz/kaz/article/2459651

Қазақстан жаңалықтары. “ҚазАқпарат”

28 сәуір 2012 жыл.

Семей қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мемлекеттік тілді дамыту мамандарының 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша әдістемелік жиыны өтті
2012 жылғы 18-20 сәуір аралығында Семей қаласында Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының қолдауымен ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мемлекеттік тілді дамыту мамандарының 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша ұйымдастырылған әдістемелік жиыны өтті.

Әдістемелік жиынның  мақсаты:

- мемлекеттік тілді одан әрі қолдану мен дамытудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған шаралар кешенінің жүйесін қалыптастыру ; – 2011-2012 оқу жылын қорытындылау және 2012-2013 жаңа оқу жылының тапсырмаларын анықтау; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нормативтік құқықтық актілерінің сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің  мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бұйрықтарының талаптарын орындаудағы әдіс-тәсілдерді  оқу үдерісінің жаңа бағыттарына мамандардың біліктілігін арттырудағы тәжірибе алмасу;

- «Үздік оқытушы – офицер», «Үздік маман», «Әскери ақын» сайысын өткізу және жеңімпаздарды анықтау; әскери қызметшілердің күнделікті қызметіндегі мемлекеттік тілді қолдануын талап ету және материалдық қамтамасыз ету базаларының заманауи технологияларының жолдарын көрсету.

Жиын барысында жүлделі орындарды иеленген әскери қызметшілерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар таратылды.

«Абай жолын» түпнұсқадан оқыдым» – дейді «Достық» жастар орталығының жетекшісі Татьяна ОБОРИНА
Бұл консультативті-кеңесші құрылым 2003 жылы Махамбет атындағы Батыс Қазақстан мем­­лекеттік университеті жанынан құрылған. Мұн­дағы «Достық» жастар орталығы ҚР Конс­титуциясы мен республиканың басқа да нор­­­­ма­тивті-құқықтық актілеріне арқа сүйейді. Атал­ған жоғары оқу орнының жарғысы мен ішкі уни­верситеттік құжаттар да оның қызметіне қан жүгіртіп, бойын ширатумен келеді. Батыс Қа­зақстан мемлекеттік университеті жанын­­­­дағы «Достық» жастар орталығының жетекшісі Татьяна Оборина тарих факультетінің екінші курсында оқиды. Онымен әңгімеміз төмендегіше өрбіді.

– Татьяна, өзің жетекшілік ететін орталықтың ұстанатын басты қағида­лары жөнінде не айтар едің?

– «Достық» – қызметі бір жүйе мен ізге түскен орталық. Мен өзіме дейінгі орталық жетекшілерінің атқарып келген істерін жал­ғастырушы ғанамын. Бұған дейін «Дос­­тық­тың» туын жоғары көтеріп, отын жағып келген Ольга Голубева магистратураға оқу­ға кетті де, орталыққа жетекшілік жасау тізгіні ректорат тарапынан маған тапсырылды. Алғашқыда біраз толқыдым. Қолымнан келмей қалса қайтемін деп ойым сан-саққа жүгірді. Әйтсе де, өзімдей өрімдей орта­лық мүшелерімен өзара түсіністік маған қанат бітіргендей күй кештім.

Қойған сауалыңызға орай айтарым, біз­дің басты қағидамыз – қазақстандық отан­шыл­дық сезімді тереңдету. Орталық мүше­лерінің қазақстандық қоғамға қажетті бір кірпіш болып қалануын назарда ұстау. Университет студенттері арасында әртүрлі этнос өкілдері оқып жүр. Әрине, олардың ұлты мен тілі, ділі мен діні, әлеуметтік тегі мен тобы әртүрлі болғанымен, ой-мақсат­тары ортақ. Республика Конституциясы мен заңдары алдында бәрі бірдей тең құқылы. Осындай ой-мақсат бірлігі мен сенім тұтастығы «Достық» жастар орталығының желбіретер басты туы болып қала береді.

Шынайы достық қарым-қатынастар қа­ғаз­да емес, біздің студенттік өмірімізде, бір-бірімізге деген қалтқысыз көңілімізде. Сон­дай-ақ, бүгінде бәрімізді Қазақстанның бо­ла­шағына деген үлкен сенім, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа деген мақтаныш сезімі де біріктіріп отырғанын айта кетуді басты парызымның бірі деп есептеймін. Ата Заңымыз бен «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға сәйкес Қазақ­стан халықтарының тілі мен салт-дәстүрін және ұлттық мәдениеттерін дамытуға жан-жақты жағдайлар жасалған.

Бұл өзге елдердің Конституциясы мен қоғамдық өмірінде кездесе бермейтін гу­манистік артықшылық деп білеміз. Сондай-ақ, орталық мүшелері қазақ тілін Қазақстан халықтарын біріктіруші, топтастырушы тіл ретінде таниды. Сонымен бірге, олар мем­лекеттік тілді үйренуге үлкен ынта-ықылас қойып отыр. «Достық» жастар орталығында тілді меңгеру ерікті түрде жолға қойылған.

Орталыққа жетекші болып тағайын­дал­ған­нан кейін әртүрлі этнос өкілдерінен құ­ралған студент құрбыларыма: «Қазақ тілін үйренгілерің келе ме?» деп сұрақ қойғаным бар. Оған қайтарылған жауаптар біржақты болды. Олардың бәрі де өздерінің жүрек қалаулары бойынша қазақ тілін үйренгісі, білгісі келеді екен. Университетте бұл іс қазір жүйелі түрде жолға қойылған. Оны оқып үйренуге аптасына екі рет арнайы сағаттар бөлінген. Оған арнайы оқыту­шы­лар тобы тартылған. Атап айтқанда, әзер­байжан қызы Гүлханым Гусейінова, орыс жігіті Александр Козлов, неміс қызы Мария Золотарь қазақ тілінің көркем де бай тіл екеніне тәнті болып келеді. Әрі олардың бәрі де қазақ тілінде таза сөйлейді. Құрыл­­­ғанына 80 жыл толып отырған еліміздің байырғы жоғары оқу орнында олардың осы өнегесін үлгі тұтушылар қатары жылдан-жылға өсе түсуде.

– Қарағым Татьяна, қазақ тілін еркін меңгергендердің алдыңғы қатарында өзің де бар екеніне күмәнім болмай отыр. Өйткені, әңгіме барысында сөйлеген сөзіңе бір ауыз орысша араластырмай, тіпті керек десең, қазақ тілінің барлық заңды­лық­­тарын, оның орфоэпиясы мен орфогра­фия­­сын сақтай отырып, ой-пікіріңді қағазға жазып түсіріп, сөз сабақтап отырсың. Енді мынадай бір сауалдың төркінін өзің­нен білгім келеді. Сенің ойыңша қазақ тілін білудің қажеттілігі неде?

– Қазақтың тілі – Абайдың тілі. Менің ойымша ол ден қойған адам үшін үйренуге өте жеңіл тілдердің бірі. Мектепте оқып жүрген кезімде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын аудармадан емес, өзінің түпнұсқасынан оқып бастап едім. Әйт­се де, бұл екі томдық үлкен романды аяғына дейін оқып шықпағанымды да жасырып қала алмаймын. Қазір алға қойып отырған жоспарымның бірі – осы клас­сикалық үлкен дүниені оқып шығу. Студент атанғаннан кейін облыс көлемінде өткізіл­ген Абай оқуларына қатысып, арнайы жүлдеге ие болдым. Қазақ тілі Қазақстан Конституциясы бойынша мемлекеттік тіл болғандықтан ғана оны үйренуіміз керек десем, біржақтылыққа, үстірттікке ұрынып қалумыз мүмкін.

Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті білімді маман атану да, ең алдымен, белгілі бір тілді еркін меңгеруден басталады деген ойдамын. Осы ой-пікірімнің қазақ тіліне де тікелей қатысы бар. Екіншіден, Елбасымыз атап көрсеткендей, қазақ тілінің болашағы үл­кен. Тілді білу достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың басты тетіктерінің бірі. Бір тілді жетік білу арқылы өзгелерін де түсінуге, игеруге болады. Мінеки, қысқаша айтқанда, бұл сауалыңызға қайтарар жауабым осындай.

– «Достық» жастар орталығының алға қойған мақсаттары қандай?

– Достық дегеніміз мәні мен маңызы өте жоғары қоғамдық-әлеуметтік категория. Қан­­дай істің болса да аты мен затының үй­лесімді болғанына не жетсін. Алға қой­ған басты мақсатымыздың бірі де осындай өре­лі ойдан қанат қақпақ. Яғни, орталық­тың аты «Достық» бола тұрып, заты оған үй­лес­пей жатса, мұның өзі бәріміз үшін үлкен сын болмақ. Ұлттық рух, ұлттық мақ­тан­ыш деген асыл қасиеттер бар екені бел­гілі. Біз бұл тіркестерді мемлекет құраушы ұлт – бір ғана қазақтарға қатысты деп түсін­сек, қа­телесеміз. Конституция бойынша мемлеке­ті­міз ұлттық-унитарлық мемлекет бол­ған­дықтан, ұлттық рух пен ұлттық мақ­таныш ұғымдары барлық қазақстандық студенттер мен жастарға қатысы бар екені анық.

Олардың ортақ Отанымыз – Қазақстанға деген сүйіспеншілік сезімінің тамыр тартар тұсы да осында. Түйіп айтқанда, достық біз­дің білім алуымыздың, одан кейінгі барлық табыстармыз бен ізденістеріміздің бастауы. Сол бастаудың қашан да тұнық, таза, мөлдір бола беруі үшін «Достық» жастар орталығы бастамашылдық таныта түседі демекпін.

Әңгімелескен Темір ҚҰСАЙЫН,

http://www.egemen.kz/?p=332527

Орал.

Сұлтан ЖАНБОЛАТ, профессор, жазушы: Ұлттың тілі мен жазуы ортақ болмай, біртұтас болуы қиын
Қытайда жергілікті қазақтармен әңгімелесе қалғанда, олардан қазақ тіліндегі кейбір өзгешеліктерді байқамау мүмкін емес. Тіпті теледидар, радио хабар жүргізушілері, қазақ зиялы қауым өкілдері де басқаша мақаммен сөйлейтіндей көрінеді. Профессор, жазушы, Шыңжаң университетінің бұрынғы проректоры, «Үлес» сыйлығы (ҚХР) мен «Достық» орденінің (ҚР) иегері Сұлтан Жанболат әлем қазақтарының тілінде диалектілер пайда бола бастағанын және бұл ұлттың тұтастығы үшін аса қауіпті екенін айтады.

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНДА «ШАЛА МОЛДАЛАР» ДИАЛЕКТ ЖАСАП ЖҮР

- Қытайға барғанда жергілікті қазақтардың кейбір сөздерін түсінбей қаламыз. Тіпті бір сөздің екі түрлі мағынада қолданылуына байланысты әзіл-қалжың да көп. Бұл қалыпты құбылыс па, әлде мәдени алшақтықтан хабар бере ме?

- Ғасырға жуық екі елде, екі жүйеде, бір-біріне ұқсамайтын екі ұлт билеген мемлекетте, екі түрлі идеологияда жүрген бір қазақ ұлтының екі бөлігінде мәдени деңгейдегі парықтың болуы таңырқарлық емес. Дегенмен жаңа заманғы тілдегі жаңа парық адамды қатты алаңдатады. Әсілі қазақ тілінде диалект ауыр деуге келмейді. Қай жерде тұрса да, қазақ бір-бірін бұрын жақсы ұғынатын. Бірақ қазір қазақ тілінде диалект пайда болып қана қоймай, ұлғайып барады және ол өзге ұлт азаматтарының қазақ тілін үйренуіне қолайсыздық әкелуде. Осыдан барып өзің сезген мәселелер бой көтеруде.

Қазақстан мен қазақ диаспоралары арасында атау, терминдегі алшақтық ұлғаюда. Мысалы, Қазақстанда бір ғасыр бойы «дәрігер» сөзі қолданылып келді және ол Қытай қазақтарына да әбден сіңді. Ал соңғы жылдардан бері Қытайдағы қазақтардың тілмен айналысып жүргендерінің бір тобы «шипагер» деген атауға қызыға қалды. Олар «500 жыл бұрынғы Өтейбойдақтың «Шипагерлік баян» деген кітабында «шипагер» деген сөз қолданылыпты. Міне, бұл нағыз қазақ сөзі» дегенге негізделді. Бұл атауды ШҰАР Тілком арқылы бекіттіріп те жіберді. «Шипагерлік баян» туралы айтпай-ақ қоялық. Ал мен бұл сөзді жатырқап тұрған жоқпын. Екеуі де парсы тілінен келген, қазаққа таныс және мағынасы бір атаулар. Қазақтың төл сөзі емес. Ендігіде, мына жақтағылар – «шипагер», сіздер «дәрігер» дей бересіздер. Бірақ бұл бір ауыз сөзден көрінген беталыс «дами» түссе, біраз уақыт өткеннен кейін екі елдің қазақтары бір объектті әр қилы атап, сөз қолданыстарында айырмашылық туылады, ол көбейсе, диалект пайда болып қана қоймай, ұлғаяды. Мұндай мысал толып жатыр. Меніңше, бұл – диаспорадағы «шала молдалардың» қолдан диалект жасауы.

Қазақстан жақ тәуелсіздік алғалы бері қазақша атау-терминдерді жетілдіруге қатты кірісіп кетті. Алайда бұл жұмысқа диаспорадағы тілгерлерді елеп-ескеріп шақырған жоқ, араластырған жоқ. Нәтижесінде диаспорадағылар Қазақстанда атау-терминнің жай-күйінен хабарсыз қала берді. Қазір мұнда Қазақстан телехабары көрілмейді, радиосы естілмейді, басылымдары келмейді. Интернетпен айналысатындардың дені кириллше жазуды танымайды. Демек, диаспорадағы қазақтар өз үкіметі бекіткен атаулармен немесе бұрыннан дағдыланған терминдерімен (мысалы, «информация» сықылдыларды қолданып) кетіп барады. Әрине, бұл да – диалектті ұлғайту. Сонымен, талай сөздер екі жақтағы қазақтарға өзара бейтаныс атау болып, қатары барған сайын молаюда.

- Информация сөзінің түп төркіні (іnformatіo – түсіндіру, жеткізу) латын тілінен шыққан екен. Жаңа сөздер пайда болғаннан қандай зиян көріп отырсыз?!

- Зиянның көкесі диалектіні көбейту емес пе?! Қытайдағы қазақтарға ШҰАР Тілкомы «информацияны» бекітіп берді. Мұндағылар «хабар», «ақпар» дегендерді орыстың «известия», қытайдың «шяуши» дегенінің баламасы қып қолданады.

Қазір жастар заман ықылымына сай білім қууда, өзгелермен жарысып, бәсекеге түсуі үшін дамығандардың тілін (ағылшын тілі тәрізді басым тілдерді) білуге мәжбүр болуда. Енді олар, нақ осы сөзді «информация» немесе «информейшн» (іnformatіon) деп оқыса да, бұл атау өздеріне таныс сезіледі. Болашақта жастар өзі игеруге мәжбүр өзге тілден алыс тұрған және қолдан жасалған қазақы атауды ауыр жүк секілді сезіне бастайды. Заман солай бет алғанда, біз қазақ тілінің дәстүри де басты лексикасын қарашығымыздай қорғап, ғылым мен техникадағы өзге тілдік атауларға кеңірек болғанымыз жөн еді. Тіліміздің иесі – жас ұрпақ. Терминдегі қиын көрінетін факторлардың көбеюі оларға, сондықтан тіліміздің болашағына пайдасыз.

СӨЗДЕРДІҢ ЖАҚЫНДЫҒЫ ҰЛТТЫҚ ЖАҚЫНДЫҚҚА ӘКЕЛЕДІ

- Осы жерде тағы бір мәселе туындайды: бір терминді аударғанда одан бірнеше атау қатар тарайды. Информацияны, өзіңіз айтқандай, біреу – ақпар десе, екіншісі – ақпарат, үшіншісі – хабар дейді. Бір жолы банкке барсам, «оформление» сөзін үкіметтің бір қаулысын үлгі етіп, «ресімдеу» деп аударыпты. Басқа жерде «рәсімдеу» деп қолданылады. Жаңадан шыққан сөздердің қайсысы дұрыс екенін кім айтады?

- Демек, Қазақстанның өзінде диалект пайда болуда. Жаңадан жасалған сөздердің дұрыстығын уақыт айтады, халық айтады. Бірақ оны асығыс бекітіп жіберсе, былығу туылады. Ұлт тілі мәртебесінің көтерілуіне бөгет шығады. Бір ұлттың ішіндегі осындай жағдай – оның ана тіліне өте зор зиян. Бұл тілде бірлік жоқ екенін байқатады. Ал атау, терминде бірлік болмаса, айналып келгенде, тілдің мәртебесі жоғарылай алмайды, қайта тілімізді кемсітетін жауларымыздың қолына құрал ұстатады. Енді қайту керек?! Қазақтың тілі келмейтін тіл жоқ, атау тіпті жоқ. Тіліміз келмейді, жасамасақ болмайды деген күнде де, оны тоқсан толғап, кең көлемде ақылдаса шешкен дұрыс. Өйткені ол – бірер топтың тілі емес, халықтың тілі. Бір елдегі қазақ емес, әлемдегі исі қазақтың ортақ тілі. Сондықтан жасайтын атауды алдын ала жариялап, пікір алынып, халықтың талқысына салған жөн. Қазақстан БАҚ-тарында жарияланған мұндай жоба ауқымында Өзбекстан, Қытай қазақтарының да пікірі ескерілуі керек. Ең соңында комиссия терминдерді осындай жан-жақты зерттеудің қорытындысы бойынша бекітуі тиіс. Қазіргідей әр елдегі қазақтар өздерінше шешім қабылдай берсе, тілдік бейберекеттік пайда болады. Шынын айтайын, бүгінде Қытайда Қазақстанның Тіл комитетінің терминдерін көріп, оқып, ескеріп, пайдаланып жатқан ешкім жоқ. Болса, тек біз сықылды аздаған зиялы қауым ғана.

- Онда не істейміз? Термин қай тілде шықса, соны алып, қазақ тілін байытпай, қарап отыра береміз бе?!

- Алдымен атау-термин мәселесінде тактикалық және стратегиялық жоғары деңгейдегі бағдарлама мен ұстаным, саясат пен жоспар болуы қажет еді. Мұнсыз жүргізілген практикалық ұмтылыстардың ұлтқа пайдалы бола кетуі қиын. Қазақстанда қазақ тілінің мемлекет тілі мәртебесіне шындап көтеріле алмауында көп себеп бар. Соның тек біреуі терминологияға байланысты. Мысалы, атау-терминдерді қазақиластырудан (сізше айтқанда, «байытудан») бұрын, қазақ тілін ҚазССР кезіндегі БАҚ тілімен-ақ (ол орысша оқыған қазақтар түгілі, өзге ұлттарға да оңайырақ емес пе?) мемлекеттік тіл деңгейіне шығаруға бар күшті салу керек еді. Содан кейін кейбір орынсыз кірме сөздері біртіндеп шығарып, оны қазақиландыру екінші сатыдағы міндетке қойылса, жақсы еді. Бірақ қазақ тілін қазақиластыру оны мемлекет тіліне көтерудің (онсыз да бөгеті жетерлік ұлы істің) алдына өтіп алды да, бұл тілді игеру, өзге түгілі, орысша оқыған қазақтарға да ауыр тиер күй қалыптасты. Бұл, әрине, мемлекет тілінің өз мәртебесіне көтерілуіне пайдалы емес.

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында, (кей шовинистердің қазақ тілін кемсітуіне намыстанудан ба, әлде бірер қазақы атау жасап көрініп қалу ниетінен бе, әлде әлемдегі ұлттар мен тілдердің неге жойылып бара жатқанын аңғармаудан ба, әйтеуір), кей бауырларым «қазақ терминологиясын жөндейміз, жетілдіреміз» деген желеумен, жаңа, қазақы атауларды науқаншылықпен (зауыттан өндіргендей) шығара бастады. Бұл науқан тілімізге әбден сіңісті болған, едәуір дамыған елдермен ортақ кейбір халықаралық терминдерді де ығыстырды.

Бұл жаңа атаулардың жалпыласуы шамалы да баяу. Ал залалы – диалект жасау мен тіл мәртебесін бөгеу болу. Мысалы, қазір, орыстың арасындағы қазақ түгілі, қытайдағы қалың қазақтың өздері де «ұстаным» (принцип), «сәуір» (апрель), «дәрумен» (витамин), «қызанақ» (помидор), «пайыз» (процент), тіпті «жанұя» (семья) сықылдыларды (кейін қазақы сөз деп білгенімен, жатырқамағанымен) өзге ұлттың қай сөзінің баламасы екенін, тіпті кейбіреуінің нені айтып тұрғанын біле алмай қалып жүр. Қаңтардан желтоқсанға дейінгі ескіше ай аттарын мұндағылардың ішінара үлкендері ғана біледі. Бірақ қарапайым қазақ өзара сөйлескенде, бірінші ай, екінші ай… немесе январь, февраль… деп кете береді. Қазірдің өзінде де сондай. Сол сияқты ғылымның, техниканың кей терминдерін асығыс қазақшалап әуре болмау керек еді. «Ақпар» мен «хабар» деген екі сөз қазақ тіліне шеттен (арабтан) енген. «Информация» секілді төл сөзіміз емес. Қазір информатика деген ғылым бар. Оны да аударып қазақиластырамыз ба? Мұндай орынсыз қазақиландырудың пайдасынан зияны көп.

Ал қазақша қолдан жасалған терминдер көбеюінің арты неге соқтыруы мүмкін? Бұл қазақ тілінің аясын тарылтып, өміршеңдігіне үлкен нұқсан келтіруі ықтимал. Сөздерді «құйып шығара беру» (мұндағылар оны «редакторлар тілі» деседі) ұрпаққа қазақ тілін үйренуді қиындатып, ана тілін олардан алыстатуға итереді. Мына заман – әр ұлттың өз тіліндегі, өзгеге ұқсамайтын лексикалық байлығымен мақтанатын, кешегі заман емес. Бұл заман – әр ұлттың өз тіліндегі өміршеңдікпен – жазуы мен сөз қорының келешекке, әлемге бет алған өз ұрпағына жақын, қолайлы, оңай болуымен мақтанатын заман. Әр ұлттың соған ұмтылуға тиісті заманы. Жоғарыдағы мысалдар осындай жетекші идеяның мықты болмауынан туылып отыр.

Бір пайдалы іс – түрік халықтарының атау, терминдерін өзара жақындастыру. Кеше ғана Қытай әртүрлі диалектілер салдарынан бір-бірін түсінбейтін, іс жүзінде бірнеше ұлт секілді еді. Қазір бәрін бірлестіре келе ортақ тіл қалыптасып, оларды алыста жүрген әлемдегі ханзулар да түсінетін болды. 1 миллиард 300 миллион қытай бір тілде сөйлеп, бір жазумен дамып барады. Бұл бірлік оларға үлкен күш-қуат пен өміршеңдік әкелді. Ал түрік халықтары ше? Қазір әлемде 200 миллионға жуық түрік халқы бар. Олар бірін-бірі білмейді де, бір-бірінен алмайды да. Ал сөздегі, содан барып тілдегі жақындық түрік әлеміндегі ұлттық жақындыққа тартады. Біз басы қосылмаудың залалын көп тартқан халық едік. Мына заман сол дерттен тез құтылуды талап етуде.

- Бірақ түркі елдері ортақ терминдер бойынша қалай келісімге келеді?

- Қазақ та, өзбек те, т.б. да бет-бетімен термин ойлап шығарып, бытырай бермей, ақылдасып ортақ атау жасаса, бұл бізді біртіндеп, бірлікке әкеледі. Егер кейбір атауларға кей түріктердің тілдері келмей, зауқы соқпаса, онда мейлі, бір-бірінен ауысып, екі-үш түркі елінің атаулары ортақ болса да, қайда жатыр?! Түрік халықтары «тілімізді байытамыз» деген жалаң ұлттық сезіммен шаба берсе, бұл ұлттар бір бірінен алыстай береді.

- Дегенмен техника жылдам дамуда. Олардың бәрі жаңа терминдерді қажет етеді. Олардың бәрін түркілерден іздеп отырмаймыз ғой?

- Оның рас. Жылдам дамыған техникаға қолдан атау жасап әлек болудың қаншалықты қажеті бар? Егер халықаралық ортақ терминдерді түрік халықтары жаппай қолданса, өзара жақындаса түсер еді. Бірақ халықаралық түгілі, түріктерден де іздемей, әр түрік ұлты өзінен ғана іздеу етек алып барады. Осында кейбіреулер компьютерді «электрмишық» деп аударды.

Компьютердің маусын «тінтуір» деп алды. Тіл келіп тұрған осыларды (компьютер, маус дегендерді) аударып, «жаңалық» ашып, термин байытқаннан не ұтамыз? Мына заман өзгеге ұқсамайтын төл терминология байлығына қарап, тіліңнің өмірін бекіткелі отырған жоқ, тіліңнің өз бойындағы өміршеңдігіне, оны жалғайтын ұрпағыңа оның қолайлылық дәрежесіне қарап бекіткелі отыр. Жастар ағылшын тілін үйренуі керек. Жаңа технологиялар бойынша көптеген атау, терминдер ағылшын тілінде пайда болуда. Ол тілде сырттан келген терминдер ересен көп. Олар бәріне есіктерін айқара ашып тастағандығынан және ғылым мен техникалық соңғы жаңалықтарды иелегенінен бұл тіл әлемдік жалпыласқан тілге айналуда. Олар тіл жөніндегі стратегия мен тактикада әлемді ұтты. Ал біз атауларымызды әуелі өз ішімізде де толық жалпыластыра алмай отырмыз!

Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның сан алуан басылымдары қолымызға тиетін. Сондағы мақалалардың ішінде орысша, еуропаша терминдер көп кездесетін. Бірақ соның бәрін қазақ сөзі ретінде түсініп, қабылдай беретінбіз. Орыс тілінде, еуропалық сөздерді есепке алмағанның өзінде, түркі атаулары қаншама?! Олжас Сүлейменовтің кітабын оқысаңыз, бұған сенесіз. Өзге тілдерден кірген сөздерге бола өз тіліңе құрмет кемімейді. Бірақ біз керісінше жұмыс істеп, өз тілімізді өзгелердің білуін қиындатып, мемлекеттік тілдің мәртебесінің көтерілуіне кедергі келтірудеміз.

- Қазақы термин жасаушылардың бәрі қазақтың сөз қорын молайтқысы келетін шығар?

- Бәлкім, солай да шығар. Бірақ бұл заманның қалай екенін, неменемен мақтану тиістілігін жаңа айттым. Ұлттық сезім әрі күшті, әрі дұрыс, әрі ұлтқа шынайы пайдалы болуы тиіс. Әйтпесе кері рөл атқарады. Алдымен ата-бабадан келе жатқан төл де, дәстүрлі лексикалық мол байлықты қорғау керек. Өз ұрпағың ғана емес, өзгелер де сенің тіліңе қызығатындай, оңай игеретіндей болуы тиіс. Ол үшін негізгі лексиканың үстінде «қонатын» ендігі атау-сөздерді өзге озық ұлттан, ғылым мен техникада жалпыласып тұрған тілдердегі атаулардан алыстатпауы керек. Байыту осы негізде болғаны пайдалы.

- Айтпақшы, сіздің сөздеріңізден диалект байқамадым. Әдетте осындайда кейбір сөздердің мағынасын қайтара сұрауға тура келетін…

- Менде диалект жоқ дей алмаймын. Бәлкім, аз шығар. Мен жасымнан сіздер жақтікін оқып өскен жанмын. Тіпті бүгінге дейін. Мұндағы бір жарым миллионнан асқан қазақтың 99 пайызы ондай емес. Олармен сөйлескенде ұғыспай қалатын жайт туылады. Міне, осының өзі – диалект пайда болғанының белгісі. Егер бұл жылдан-жылға ұлғая берсе, ұлтымызға төнген үлкен қатерге айналмақ. Бізде, қарттарда, осындай диалектіге қарсылық бар.

- Сіз жаңадан терминдер шығара беру мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге кедергі келтіретінін айттыңыз. Ал сіздің ойыңызша, Қазақстанда мемлекеттік тілді нығайту жолдары қандай болуы тиіс?

- Ол жолды менсіз де әбден білесіздер. Ұлықтар, биліктегілер тіпті жақсы біледі. Ниет, ықылас, бекім ғана кем болып тұр. «Аюға намаз үйреткен таяқ». Мына заман таяққа сүйенбейді. Алдымызда аю жоқ. Интеллекті, бітімі, сапасы жоғары халық тұр. Қай ұлт болса да, олар дұрыс шешімді қабылдайды. Шамалы ақылы аздарға ғана күш керек. Егер ең беделді адам мансапқа қазақ тілін білетіндерді ғана қойса, жиындар қазақ тілінде жүріп, оны білмейтіндерге аудармашы берілсе, жоғары оқу орындары (бірер жылдық дайындық топтары арқылы қазақша оқытып) сабақты қазақша өтсе, қазақша оқулықтар сапалы да көп әзірленсе… Өткен 20 жыл мұндай болмас еді.

ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ЖҰРТЫНЫҢ АРМАНЫ

- Қазақстанда соңғы жылдары латын әліпбиіне көшу мәселесі қозғалып жүр. Қазақ жұртына мұндай реформа қаншалықты қажет?

- Жазу өзгерту – ермек те, қызық та, мода қуу емес, ұлт мүддесі мен заман талабынан шыққан зәрулік. Амал не, көне түрік жазуымыз оралмас алысқа кетті. Төте жазу әрі аз қазақтың қолында және қазақстандық кирилл жазуына да жете алмайтын күйде. Кирилл жазуы да оңып тұрған жоқ. Бұл жазумен жіберілген мәтіннің де әлемді еркін шарлай алмайтыны белгілі. Латынша жазу әлемде ең жалпыласып бара жатқан тілдің жазуы болуымен қатар, компьютер, интернет, т.б. күнделікті өмірдің құралына айналған дүниенің бірінші жазуы болып отыр. Жазуы жоқтан жазуы бар – жүйрік. Жазуы шабаннан жазуы тез – жүйрік. Қыл аяғы қытайлар да өз иероглифтерін латын жазуымен компьютерге енгізіп, диалекттерін сол арқылы жойды. Бізге мәдениетімізге (соның ішінде тілімізге) оралғы болатын жазу да, оған дағдыланудан туған қимастық та керек емес. Керегі – тілімізге өмір беретін жүйрік жазу!

Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайында, Нұрекең амандасып алдымызға келгенде, қолын алып тұрып: «Сіз латынша жазуға көшеміз деп айтқан сайын біз – шетелдегі қазақтар бір қуанып қаламыз!» дедім. Сонан кейін, латын қарпіне көшуге қатысты өз ойларым жазылған хатты бердім. Ол хаттың мазмұны: «Қазір Қазақстанға жаппай латыншаға көшу пайдалы емес. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне толық ие болмай, жазу өзгеріп кетсе, ана тілін жақсы білмейтін қазақтың да бір бөлігі оған тіпті шала болып қалуы мүмкін. Дегенмен Қазақстан болашақта көшетін латынша жазудың жобасын қазір жариялап тастаса, қазақ диаспорасы соған бейімделе берер еді. Сонда Қазақстан болашақта латын қарпін қабылдаған уақытта жазуларымыз ұқсас болып шыға келер еді. Егер бұл қолға ерте алынбаса, қазақ диаспорасы бет-бетіне кете береді де, болашақта жазуда да бірлік болмай қалады».

- Расында, солай…

- Қытайдағы қазақтар ханзулардың компьютермен иероглифті жазу үшін пайдаланылатын латыншасына, Өзбекстандағы қазақтар өзбек латыншасына, т.б. бет-бетіне кетуі мүмкін. Ол жазуларға әбден дағдыланып алғаннан кейін оны өзгерту де қиынға соғады. Қазіргі Қытайдағы қазақ жастары қытайшаны, латыншаны жақсы білгенімен, кириллицаны танымайды. Бізде қолданылатын Ахмет Байтұрсынұлының төте жазуын қазақстандықтардың көбі танымайды. Мәдени ауыс-түйіске бөгет деген – осы. Ұлттың жазуы ортақ болмай, шынайы бір болуы қиын. Сондықтан латын қарпіне көшу – жекелеген оқымысты қазақтың ғана емес, бүкіл қазақ жұртының арызы, арманы. Мұны ұзақты ойлағандар ғана сезінеді, тіпті тез жетуге асығады! Алайда қазақ көшетін жаңа латын жазуы Түркиядағы сықылды (өткен ғасырдың алғы жарымынан қалған жоба) емес, клавиатурадағы 26 латын таңбасымен шешілетін жазу болғаны жөн. Әйтпесе ол осы кирилл жазуынан аса алмайды…

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Айжан КӨШКЕНОВА

«Айқын», 06 Сәуір, 2012

Кейде осы мен қай ұлттың өкілімін деп ойланып қаламын – дейді «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі Майя ВЕРОНСКАЯ
Таңмен таласып жаңа туған күнмен қазақ елін оятып, көрермендеріне жарқын көңіл-күй сыйлайтын «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының жүргізушісі Майя Веронскаяны білмейтін адам кемде кем шығар. Бір риза боларың, үш сағаттық тікелей эфирде сан алуан тақырыпты қамтып, танымал тұлғалар, өнер адамдары, саясаткерлермен әңгіме өрбіткенде сөзінен жаңылмай, өзін еркін ұстап, әңгімелесіп отырған адамды жетелеп отырады. Басқа да бағдарлама, салтанатты жиын-кештерді жүргізгенде де көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген Майя қызымыз туралы жақынырақ білуге бәріміз де ықыластымыз. Бүгін соның сәті түскендей.

– Майя, бізді таңқалдырған жәйт, сенің Алматы қаласында туып-өсіп, қазақ тілін мақсатты түрде үйреніп, оны осыншалықты дәрежеде меңгеруің. Олай дейті­нім, біз білетін басқа ұлт өкіл­дерінің ішінде қазақ тілін жетік білетін­дердің дені қазақ ауылында туып-өскендер…

– Иә, мен нағыз қаланың қызы­мын. Алматыда туып-өстім. Әкем Владимир Александрович осы қала­ның байырғы тұрғыны, ал анам Галина Леонидовна Ресейдің Но­восі­бір қаласынан. Негізі үйде төрт ағайындымыз. Мен кенже­сімін. Әкем түріктанушы, аудармашы. Өмір бойы Металлургия және кен байыту институтында қызмет ат­қа­рып, оншақты тілден аударма жасаған. Жалпы, ол кісі одан көп тіл біледі. Кеңес Одағы тұсында ғылым саласында шет мемлекеттермен байланыс жақсы дамыған болуы керек, ең қажеттілері деп осыншама тілмен ғана айналыс­қан. Апайларымның мамандығы әр қалай, бір әпкем ағылшын тілі­не жақындау, бір әпкем анамыз сияқты дәрігер, медицина саласында қызмет атқарады.

– Қазақ тіліне осыншалық­ты ден қойып үйренуіңе не түрткі болды?

–1991-93-жылдардың басында болашақ тағдырын Қазақстанмен байланыстырғысы келмеген басқа ұлт өкілдері бірден буынып-түйі­ніп өз тарихи отандарына тартып отырды емес пе. Ал әкем Қазақ­станды өз отбасының болашағы­нан бөліп қарағысы келмегені болар: «Біз осы елде қаламыз, еш­қайда көшпейміз. Майя сен міндетті түрде мемлекеттік тілді білуің керек. Сондықтан қазақ мек­тебіне ауыстырсақ, қалай қарай­сың?» – деді. Мен әкемнің айтқанын құптап, қарсы еместігімді білдірдім. Сөйтіп, бесінші сыныптың жаңа оқу жылын қаладағы №12 қазақ мек­тебінде бастадым.

– Қазақ мектебіне барғанға дейін қазақшаң қаншалықты еді?

– Қазақ тілінің деңгейі терезе, тақта, бор деген сияқты жекелеген сөздермен шектелетін. Ол кезде оқу­лық та тапшы. Әлбетте, отбасында тек орысша сөйлесеміз. Бір жақ­сысы, ата-анам мені қазақша мектепке барасың деп зорлаған жоқ, «тек барасың ба?» деп алдымен менімен есептесті. Келіскен соң ғана «онда біз саған көмектесеміз» деп уәде берді.

– Ал ол кісілердің қазақшасы қай деңгейде еді?

– Әкей түркітанушы ғалым бол­ғандықтан, түркі тілдес бір-бірі­не жа­қын тілдерден хабары бар еді, бі­рақ қазақшаны акцентпен сөйлей­тініне көбіне ұялатын. Ал қазақ мек­те­біне ауысқаннан кейін менімен үй тап­сырмасын бірге орындап, тілді әжеп­тәуір меңгерді деп айтуға болады.

– Орыс сыныбында жүргенде үлгерімің қандай еді?

– А-а, пәлендей жақсы оқыған жоқпын. Сабақ үлгерімім үштік-төрт­тік бағадан әрі аспайтын, өйткені, оқу аса қызықтырмайтын. Тіпті, жаман оқыдым десе де болады. Ал қазақ мектебіне ауысқанннан кейін менде бір қызығушылық басталды. Оқи келе, тіпті, үздік аттестатқа бітірдім емес пе. Ондағы ойым, осы жолды таңдаған екенмін, жарты жолда тастамай, ары қарай дамыту. Сол үшін де мектепті бітірген соң Абай атындағы ұлттық педагогика­лық универси­теттің аударма және құжаттану факульте­тінің қазақ бөлі­міне оқуға түсіп, тәмамдадым.

– Майя айтшы, қазақшаны мүл­дем қақпай, тек бесінші сыныптан бастап, бүгінгідей дәре­жеге жету­дегі жетісті­гіңнің құпия­сын білуге бола ма?

– Біріншіден, әкем көп уақытын бөліп, екеуміз күнде сабаққа дайындалатынбыз. Бұл жерде әкемнің еңбегін бағалауым керек. Екіншіден, мектептегі мұғалімдердің маған деген көзқарасы, ықыласы, ара-қаты­насы ерекше жылы болды. Барлық мұғалімдер жақсы көріп, қолда­рынан келгенше көмектесуге тырыс­ты. Сыныптастарымның да көп сеп­тігі тиді. Егер маған қажет болып, көмек сұрасам, міндетті түрде қолұшын беретін. Бірақ кішкентай болсам да намыстанып: «Орыстың қызы деп басқа оқушылардан бөліп қарамаңыздар. Маған жеңілдік жа­сау­дың қажеті жоқ. Басқа балалармен бірдей көріңіздер» дейтінмін. Білмеймін, әйтеуір, менде бір ерекше құлшыныс пайда болып, оқуға қатты тырыстым.

Шынымды айтсам, қазақ тілін кереметтей білемін деп айтуға ұя­ламын. Бәрібір ол қанмен берілетін қасиет. Сондықтан ылғи да: «Мін­детті түрде осы тілді білгеніммен тоқтамай, әрі қарай да тереңіне жетуім керек» деп өзіме талап қоя­тынмын. Тұрақты түрде көркем әдеби кітаптарды, газет-журналдарды, ғаламтордағы ақпараттарды оқи­мын. Үздіксіз үрдіс солай, ешқа­шан тоқтамайды. Мысалы, тікелей эфирге мәртебелі қонақ келерде, оған қалай болса солай дайындық­сыз шыға алмайсың ғой. Көрермен соны талап етеді. Белгілі бір дең­гейге жеттім деп ойламаймын. Өзімді өзім қамшылап, дамытып отырамын.

– Шынтуайтына келсек, Тіл туралы Заңның қабылданғанына 20 жыл болса да, қазақ тілі мем­лекеттік тіл мәртебесіне сай дамымай отыр. Қаншама қара­жат бөлінді, мемлекеттік құры­лым­дар құрылды. Бәрібір осы мәселе оң шешімін әлі де таба алмай отырған секілді…

– Ол үшін тіл маманы ретінде айтарым, ең алдымен, тілдік орта қажет. Егер маңайыңыздағы сізбен араласатындар тек қазақша сөйлесе­тін болса, ондай жағдайда кез келген адам тез үйренеді. Олай дейін десек, тілдік орта болмаған күннің өзінде де ағылшынша жап-жақсы үйреніп жүрміз ғой. Өйткені, бұл тіл ертең шетелге шыға қалсақ немесе жұмысқа тұра қалсақ қажет. Болмаса бір шет тілін білсек, жалақымыз өседі деп, алдымызға осы тілді үйренуге мақсат қоямыз. Ал қазақ тіліне ше? «Кейін үйренеміз ғой, әзірше қажеті жоқ, күте тұрайық, қажет болып жатса оқимыз» деген көзқарас қалыптасқан. Көптеген мемлекеттік мекемелер қазақ тілін үйрететін арнайы мұғалім жалдап, «үйде уақыттарыңыз болмаса» деп жұмыс кезіңде бір сағат уақыт бөліп, оқытуда. Ал енді соған да барып мандытып оқып жатқанымыз шамалы. Демек, қазақ тілі әлі де болса аса қажет емес деген сөз. Егер мәселе төтесінен қойы­латын болса, бәріміз сөйлеп кетер ме едік. Тіл үйренудің еш қиындығы жоқ. Тек мықтап талап қоюда болып тұр. Жалпы, бәрі де әр адамның өзіне байланысты. Болашағын Қа­зақ­станмен байланыстырғысы келе­тін­дер, бүгіннен емес, кешеден бастап оқуға кірісіп кетті. Ал «кетеміз, өйтеміз» дегендер, сон­шалықты мән бермейді. Меніңше, тіл үйренуге бізде мүмкіндік өте көп. Тағы да қайталап айтамын, ол адамның өзіне ғана байланысты. Мәселен, тілді үйренгісі келетін адам жазғы демалыс кезінде, өз еркімен жайлауға шығып, орысша білмейтін отбасында екі-үш ай болып, көмектесіп қайтса, нәтиже жоғары болар еді.

– Қазақ тілін білгісі кел­мей­тіндерге, ана тілін сый­ламай­тын­дарға не дейсің?

– Меніңше, өздеріне обал, одан басқа не айта аламын. Тіл ұлттың мәдениетінің үлкен бір бөлігі. Тіл білмеген адам сол мемлекеттің ты­ныс-тіршілігі­нен, қоғамдық ма­ңызы бар ақ­параттар ағы­­­ны­­нан, мәде­ние­тінен қалып қоя­­­ды. Сосын қазақ тілін білмеген адам не істейді? Ресейдің телеарналарын қарайды, шетелдік басылымдарды оқиды. Онда біздің жаңалықтарымыз жоқ­­тың қа­сы. Жазған күнде де өздерінің саяси көзқарасын біл­діріп жатады. Сондықтан көкірегімізде патриоттық се­­­зім­­­ді оятып, қа­лыптастыруда отандық басылымдарды оқып, отандық әр­тіс­терімізді тыңдап, өз бағ­дар­ламаларымызды көр­­ге­­­німіз абзал. Сонда ғана сезіміміз, патриоттық рухымыз қалыпта­сады. Әсіресе, ұлттық сезім, Отанға деген махаббат. Ал ондай сезімі жоқ адамдар елінің нағыз патриоты бола алмайды.

Шынымды айтсам, кейде өзім­нің ұлтым орыс па, қазақ па деп тү­сінбей қаламын. Әри­не, төлқұжа­тымда ұлтым орыс. Ата-анамның екеуі де орыс. Бірақ, жан-дүнием, ойым, қазақша қалып­тасқан. Өйт­кені, қазақы ортада өс­тім. Қазақтың салт-дәстүрін, өне­рін, мәдениетін эфирден таңғы сағат бестен кешке дейін қазақша насихаттаймын. Тек үйде, сосын қазақ­ша білмейтін құр­быларыммен ғана орысша сөйле­семін. Қалған уақыт­тың бәрінде қазақша тілдесетін­діктен, кейде осы мен қай ұлттың өкілімін деп ойланып қаламын. Қазақстанда тұрған­дық­тан осы ел­дің азаматымын. Маған «қай жерде тұрсақ, сол елдің азаматымыз, патриотымыз» деп айтатындар бар. Міне, ел болашағын, тілдің дамуына өз үлесін қосатын нағыз патриоттар солар. Мен солардың қатарын­дамын.

– Қазақстан – көпэтносты мемлекет. Қазақтардан басқа 130-ға жуық ұлттың өкілі мекен етеді. Олардың тілге деген көзқарасы қалай деп ойлайсың?

– Журналист болған соң адамдармен жиі араласып, сөйлесіп, әр­дайым қарым-қатынаста жүреміз ғой. Олардың барлығы Қазақстанды жақсы көреді. Қазақстан қасиетті жер. Сондықтан да шығар, олардың кеткілері келмейтіні. Ал тілге келсек, белгілі бір уақытқа дейін орыс тілінен қаша алмайтын сияқтымыз. Бірақ, жастарға қазірден бастап талап қою керек. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқитын балалар осы мемлекетте тұрамыз, өз болашағы­мызды Қазақстанмен байланыстырамыз десе, онда қазақша сайрауы міндетті. Әрине, ересек адамдарға бұл мәселе қиындау тиер. Өйткені, жасы келген адамдарға тіл үйрену оңай емес. Ал менің ар жақтағы дауысым өздері суын ішіп, топырағын басып жүрген елге, оның тіліне құрметпен қарап, уақыт өте келе сөйлеп кетеді деп ойлаймын.

– Орыс тілі үйренуге жеңіл, ал қазақ тілі күрделі болғандықтан, қиынға соғады деп жатады. Теле­ар­налардың тілі қандай, көңілің тола ма?

– Жоқ, сіздің қазақ тілі күрделі дегеніңізбен келіспеймін. Үйренгісі келетін адамға қай тілдің де қиын­дығы жоқ. Телеарналардың ті­­­­ліне келсек, біздегі бағдарла­малардың стилі өзгеріп, қара­пайым­­ды­лыққа көшіп бара жат­қан­дай­мыз, соны байқадым. Бұрын ондай емес еді. Қазақ тілінің заңды­лығы бойынша етістік соңында тұрса, ал қазіргі өзгеріп жатқан стиль бойынша басқа сөз таптары алға шығып кетті. Тіл тірі организм деп айтып жатамыз, ол да өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл да стильдің қалып­тасып жатқан көрінісі шығар. Сол стиль­дің өзгергенін қазақ тілді журналистерден байқап жүрмін.

– Телеарнаға жолың қалай түсті?

– Университетте аударма және құжаттану мамандығына грант бө­лінбеген соң, амалсыздан ақылы бө­лімде оқыдым. Ата-анама рахмет, қара­жатымды төлеп, оқытып шы­ғар­ды. Оқуды бітірген соң ата-анама да құрмет көрсетіп, еңбектерін ақтай­тын кез келгенін сезіп, жеке фирмаға қызметке тұрдым. Өйткені, ата-анам жасы келген адамдар. Әкей – 77-де, анам – 70-те. Бір жылдай хат­­шылық қызметте жүргенде, бес күн жұмыс істесем, сенбі-жексенбі күндері телеарналардағы бағдарла­ма­ларға кө­рермен ретінде қатысып жүрдім. Бірде телефон ұстап жүгіріп жүретін қыздардың бірі ауырып қалды. Тұрақты келіп жүрген үй­реншікті көрермен ретінде, мені ша­қырып, солардың орнын жоқтат­пау­ды өтінді. Сол жолы шығарма­шы­лық топпен әңгімелескенде қазақ ті­лін білеті­німді айтып едім, «Жарайды, онда есімізде болсын» деп қой­ды. Кейін­нен «Хабар» арнасында жаңа жоба ашылып, «Қазақстан» телехабарын жүргізуге шақырды. Бір жылдан кейін жоба жабылды. Одан кейін «Қазақстан» ұлттық телеарнасы қол­қа салған соң, таңер­тең­гілік хабарды жүргізуге келісім бердім.

– Тікелей эфирді жүргізудің өзіндік қиындығы бар. Оны кез келген журналист алып кете алмайды. Кәсіби шеберлігіңді қалай шыңдайсың?

– Қазақта жақсы бір мақал бар. «Сөйлей-сөйлей шешен, көре-көре көсем боласың» деген. Әрине, бас­тап­қыда телевизияға келгенде еш нәрсе білмедім. Экран алдында сұх­бат алғанда өзіңді қалай ұстау, қалай сөйлеу керек дегендей. Әр адамның мінез-құлқы әртүрлі, сол күні көңіл-күй болмай жатса, ол да сұхбат­та­суға кедергі келтіреді. Осы жағынан келгенде, көптеген психо­ло­гия­лық кітаптарды оқидым. Еш­қа­шан да­йын­дықсыз эфирге шыққан емеспін. Ол көрерменге деген құр­мет. Әрбір хабардың, әр бағдарла­маның өзіндік бағыты болады. Сол бағытты қа­лайда көрермендерге беруің, жет­кізуің керек. Егер экранға бет-жү­зімді көрсе деп шықсаң, әри­не, одан еш пайда жоқ. Мәселен, күн­делікті таңертеңгі бағдарлама­мызда халық­ты оятып, оларға жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысамыз. Жұмысқа шы­ғар алдында қажетті ақпарат­тарды береміз. Оның ішінде ауа райы, соңғы жаңалықтар, т.б. Міне, біздің бағытымыз осындай. Егер жүргізуші өз болашағын телевизиямен байланыстырғысы келсе, жан-жақты болуың, қай жерге салса да қателеспей өзіңді көрсетуің керек. Ал ол үшін көп еңбектену қажет.

– Маяжан, тележүргізуші ретін­д­е қазақ тілін жақсы меңгергісі келетін жастарға не айтасың?

– Ең бастысы, мүмкіндігінше қазақша сөйлеуге тырысып, қа­зақша кітаптар оқуға ынта қою керек. Және де әр жұмыстың өзінің қиын­дығы, қызығы, құдіреті болады, соны ешқашан ерінбей істеуге талпынған жөн. Тағы бір еске­ре­тіні, журналист болсын, әнші болсын әрбір адам белгілі бір маман­дық иесі болсам деп армандау керек. Тек жұлдыз болу мақсат емес. Өйткені, ол әдіспен оның жолын ешқа­шан таппайсың. Егер өз кәсі­біңнің шыңына жетсең, та­нымал­дылық та, басқасы да өзі келеді. Ең бастысы, өз ісіңнің на­ғыз хас шебері бол. Соны жастарға тілей­мін. Мен ешқашан бір орында тұрмайтын адаммын. Кинода өзімді сынап көрейін деп фильмге де түстім. Жан-жақты болғым келеді.

Әңгімелескен  Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.

«Егемен Қазақстан», Дүйсенбі, 02 Сәуір, 2012

Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының қолдауымен астаналық оқушылар арасында қалалық Дебат турнирі өтті
2012 жылдың 16-17 наурыз күндері №52 мектеп-гимназиясында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры, «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен   Қалалық  Дебат турнирін өткізді.

Турнир мақсаты – қазақстандық және әлемдік қоғамдастықта орын алған мәселелерді көпшілік алдында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде талқылау мен талдау арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін көтеру,  сонымен қатар, балалалардың әлеуметтік бастамаларын қолдау.

Дебат турниріне  қала мектеп оқушыларынан  49 команда, яғни қала мектептерінің   25-і қатысты.

Төмендегі білім беру ұйымдары Пікір-сайыс турнирінің жеңімпаздары болып табылды.

Қазақ лигасында

I орын – «Фемида» командасы,  Астана қаласының №53 мектеп-гимназиясы;

II орын- «Дарабоз»,  Астана қаласының «Зерде» мектебі;

III орын «Астана Арлан», Астана қаласының «Зерде» мектебі;

Орыс лигасында:

I орын – «Формат А-3», Астана қаласының №5 мектеп-гимназиясы;

II орын –  «Форс можор», Астана қаласының №10 мектеп-гимназиясы;

III орын «Снежок»,  Астана қаласының №15 мектеп-гимназиясы;

Ағылшын лигасында:

I орын – «San» Халықаралық мирас мектебі;                                                                                          II орын – «Audi» Астана қаласының №5 мектеп-гимназиясы;

III орын – «Nur generation»   Астана қаласының №5 мектеп- гимназиясы;

Турнир қорытындысы бойынша «Үздік спикер», «Үздік төреші» атағын иеленген турнир жеңімпаздарына Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің грамоталары мен сертификаттары және Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры мен «Жас Отан» жастар қанатының арнайы сыйлықтары тапсырылды.

﻿ Тіліңді біл, қадірлеп жүр
23.02.12.

Қай халық болсын өзінің ой-санасын болмысты қабылдауға, айнала қоршаған әлемді сезініп, түйсінуге тек ана тілінің құрал­да­рымен жеткізе алады. Тіл – қа­шанда ұлттың ең асыл құндылығы, қымбат қазынасы. Рухани ке­мел­денетін ел тілін түлетеді. Тілінің та­мырын тереңдетеді.

Тау халқында ежелден ел құ­ла­ғында жатталған бір аңыз бар. Бір жігіт басқа халықтың қызымен та­нысып, ғашық болып, үйленуге ниет білдіріпті. Қыз: «Мен саған тұрмысқа шығамын, бірақ жүз тапсырмамды орында» деп талап қойыпты. Азамат онын әлгі қы­ңырлығын орындауға кіріседі. Ал­дымен ару оны табан тірейтін ешқандай шығыңқы тасы жоқ тік жартасқа өрмелетіпті. Жігіт жар­тасқа шыққан соң, енді одан се­кіруін өтінген. Бозбала қарғуын қарғыған, бірақ аяғын зақымдап алыпты. Сол кезде ол үшінші тап­сырмасын ұсынған. Аяғы ауырса да, ақсаңдамай жүруін талап еткен. Қыздан үмітті жігіт қиналса да сыр бермей, аяғын дұрыс басады. Әлгі жүз талабында не жоқ дейсіз, мой­нына асқан қоржынды суға ти­гізбей, өзеннен жүзіп өту, шауып келе жатқан сәйгүлікті қолмен тоқтатып, атты тізгіндеп, тізер­леу… осылай кете береді. Ол аз де­сеңіз, ару өз кеудесіне қойған алманы қылышпен кескілеуді тап­сырған. Қыздың ойындағы тоқсан тоғыз тапсырмасын мүдірмей орындап шыққан жігіт бойы же­ңілдеп енді жүзіншісі не болар екен деп күткен. Қыз талабы да тосын әрі ауыр еді: «Ал енді сен өз анаңды да, әкеңді де және ана тіліңді де ұмыт» деген. Әрине, ға­шықтықтан қызды қанша құ­мар­тып, өлердей сүйсе де, жігіт мы­надай қатал әрі сұмдық та­лаптан бас тартқан. Ол ләм-мим демес­тен, тұлпарына қарғып мі­нiп, бір ауыз сөз айтпастан, елі­не қарай тартып тұрған. Расул Ғамзатов кітабындағы осы аңыз­ды тол­ған­бай оқи алмайсыз. Туған әке мен ананы тастауы өз алдына, туған тілінен мақұрым қалып, ту­ған елінде басқаның ұлттық тілінде сөйлеп жүрген мәңгүрттер ара­мызда қаншама.

Қазақ тілінің дамуы бәрібір тіл туралы заңға немесе Қазақстан­да тұратындардың айрықша ізгі ниетіне ғана қатысты емес, ең ал­дымен қазақтардың өздеріне бай­ланысты, олардың тарихи жады­лары мен иманына, жанының ру­­хани байлығына, адамгершілік қырларына, ар-ұяты мен абы­ройына, дүниежүзілік өркениет­­­те өзін халық ретінде құрып кету­ден сақтауға деген құштарлық тілек­­ке қатысты. Иманға, жоғары адам­гершілік құндылыққа этика­лық ақыл-оймен, тектік ар-ұятпен бәріне де жетуге болады. Бі­рінші кезекте, әрине, «ана тіл­ді сақ­тау» дейді ұлт жанашыры Г.Бельгер. Рас, тіл тағдыры өзімізге байла­нысты. Бірде автобуста отыр­ға­нымда, алдымдағы орыс зейнеткер апайлар бір-бірімен білген қа­зақшасын айтып, үйрен­гендерін тексеріп жатты. Біріншісі қаңтар­дан бастап тамызға дейінгі ай аттарын орысшасымен салыс­ты­рып, сараптап шықты. Бәрі де жақ­сы, солай болуы тиіс қой. Бір кезде екіншісі «жақсы үйреніп қалыпсың ғой» дегенде құрбысы «бұдан да жақсы білер едім. Әт­теңкөршілерімнің көпшілігі қазақ болса да, бір-бірімен орысша сөй­леседі» деп қынжылысын білдір­ді. Бұл – шындық. Таза өмір шын­дығы. Біз кейде басқа ұлттарды тілді менсінбейді, меңгермейді деп кі­нәлауға әуеспіз.

Туған тілінің қасиетін, ерек­ше­лігін сезініп, білмеген жан ұлты­ның жанашыры да, қолдаушы, қор­­­ғаушысы да бола алмайды. Ол – рухани жарымжан кейпін­-дегі бей­шара бітім.

Тау халықтары тілді тәрбие­нің түптамыры деп білген. Армянның көрнекті ақыны Сильва Капу­тикян: «Егер де сен ұмытсаң да анаңды, Армян тілін ешқашан да ұмытпа!» деген өлең жолымен жет­кізген. Сәл ауырлау айтылса да ана тілді ақ сүтін емізіп, өсірген анасынан да артық қойып отыр.

Тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Мы­салы, Үндістанда 60-қа жуық тіл болса, оның ірісі – 15. Ең көп та­ралғаны – хинди, уруду, беталь, тамиль, марати, гуджарати, ассам, канери, малаякум, пенджаб тіл­дері. Ежелгі үнді тілі – тамиль, бұл тілдердің көпшілігі көнеден қа­лыптасқан. Кейбір тілдердің бір­неше ғасырлық тарихы, не клас­сикалық әдебиеті бар. Ол тілдегі шығармалар ең көп таралған хинди әдебиетінен бірде-бір кем емес, тіл байлығы мен образды­лығы жағынан қалыспайтын кө­рінеді. Өткен ғасырдың 80-жыл­дары 2 миллионға жуық дағыс­тандық 30-дан астам тілде сөйле­ген, 5 тілде газеттер мен альма­нахтар басылса, 7 тілде ұлттық театрда ойындар қойылған, 9 тілде кі­тап­тар шыққан. Ең көбі аварлар болса, олардың саны 400 мыңға жуық, ал тат тілінде небәрі 15 мың адам сөйлейді екен. Тіпті Да­ғыс­танда 2 мың адам сөйлейтін ұлт тілінде өз ақыны бар екен. Ш.Айт­матов «Туған тілдің кере­меті» ма­қа­ласында осындай де­ректерді ал­ға тартады.

Француз ойшылы Жан-Жак Руссоның “сіздердің балаларыңыз, әйтсе де ешқайда да қолданылма­ған басқа тілдерде сөйлеуді үй­ренсе; олар өздері ғана түсіне ала­­тын өлең құрастыруды үйрен­се, ақиқаттан адасудың айырма­сын білмесе, олар оны өнермен бірге жасауды меңгереді; олар бірақ кеңпейілді әділеттілік, ұс­тамдылық, адамгершілік, сөз­де­рінің не мән білдіретінін де біл­мейді; «Отан» деген тәтті сөз еш­қашан олардың құлағына жет­пейді…» – деп тұжырымдайды. Ғалым ең алдымен туған тілді білу қажеттілігін ойға салып отыр. Ту­ған тілін білмеу, туған халқының салт-дәстүрін, тарихын білмеу – үлкен қасірет. Басқа ұлттың ал­дында өз халқын да, өзін де мас­қа­ралайды. Ондайлар ел арасында толып жатыр. Ана тілі – ең бас­ты­сы, тәрбиенің өзегі. Туған тіл – тәлім-тәрбие, тағылым, таным тамыры. «Амофионның лиралары қалаларды тұрғызған жоқ, си­қырлы таяқша бақты шөлге айнал­дырған жоқ. Осының бәрін адам­дарды жақындастырумен тіл жа­сады. Тілдің арқасында адамдар одақтасып бірікті, бір-біріне аман­даса отырып, олардың ма­хаб­баттарын қалыптастырды, тіл заң­дарды бекітті, туысты байла­ныстырды; тілдің арқасында адам жүрегі мен жанының түсініктері­мен ұрпаққа берілетін адамзат тарихы мүмкін болды». И.Гердер адамзат мәдениеті, жалпы, жер бетіндегі тіршіліктің дамуына тіл­дің айрықша зор рөл атқарға­нын осылай пайымдайды.

Адамзат қоғамының өткені-­нен бүгінгіге дейінгі жүріп өткен жолын мәдениетінсіз, тарихын­-сыз елестете алмайтынымыз тә­різ­ді, тілдің маңызын ешкім жоққа шы­ғара алмайды. Осы тұрғыдан кел­генде философ-әдебиетші тіл­ге сана-түйсіктің ерекше құбы­лы­сы ретінде үлкен анықтама береді. «Қысқаша айтсақ, тіл – бұл біздің ой-өрісіміздің мөр-таңбасы, со­ның арқасында ақыл-ой жарқын сипат алады да, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі». Тереңнен тұжырым­далған қағида. Тілдің адам, адам­зат өміріндегі, қоғамындағы мән-маңызын биіктетеді. Тіл – ұлттың тірегі, жүрегі, ар-ожданы. Тіл – халық тарихымен, оның қалып­тасуынан бастап өмір сүруінің әр кезеңдерімен, бастан кешкен тағ­дырымен тығыз байланыста да­мып, өсіп келе жатқан, тереңге та­мырлаған құндылық. Сол үшін де ел көсемдері мен кемеңгерле­рі сонау қамандастардан тілдің ертеңі үшін алаңдаған, келешегі үшін кү­­рескен. Ұлтының тілі мен діні­нен, ділінен, салт-дәстүрінен айырылуы түптің түбінде жоға­луы­н­а әкеп соғар қауіп екенін се­зінген. Соның алдын алып, қам­қорлық қормалы болған, қанатты ойлар қалдырған, алғыр ақыл­да­рын ар­наған. Халқымыздың қай­раткер тұлғасы Әлихан Бөкейханов со­нау XX ғасыр басында-ақ «Осы­лар­-дай (Абай, Шәкәрім, Ахмет, Мір­жақып өлеңдерінен мысал келтіре келе – Ә. Т. ) ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 мил­лион қазақтың тілі қалай жоқ болады» (191) ақын-жазу­шы­ларды медет етіп, әдебиеттің тілді өркен­детуге қосқан өлшеусіз үле­сі­не көңіл тоғайтқан екен.

Рас, әдебиет – ұлттық тілдің бай­лығы мен қазына қоймасы ғана емес, оны дамытудың асыл арнасы, туған тілді нәрлендіріп, әрлендіріп, әлдендіріп тұратын қуатты рухани құндылық. Әдебиет әлсіреген елде тілді қаншама заң да, қаулы-жарғы да, амал-шара да халық жүрегіне, әсіресе, ұрпақ са­насына бойлата алмайды. Ана тілі мен әдебиеті қос қанаты ұлт­тың болмыс-бітімінің қос рухани қа­наты десе де болады. Ұлттың ұла­ғатты, берік мақсатты, алғыр ойлы ұрпағын тәрбиелеуде ана тілін меңгертумен шектеліп қалуға бол­майды. Ана тілінің байлығы мен асыл қазынасы жиналған әде­биетін де терең оқып-біліп өсуі керек. Ә.Бөкейханов қазақ тілі­нің болашағына зор үміт артқан. Өйт­кені елдің жаппай сауаттанып, жазу-сызуға құлшына ден қоюы­нан ана тілінің енді жоғалмасына, қайта жаңарып, байып, қолданыс аясын арттыра беретініне сенген. «Түбінде біздің қазақ тілі, бізбен тіл тұқымы бір, өзге мұсылманды байытпаса, бір-бірімізге қоңсы қон­баймыз ғой. Ғұмыр жүзінде біз­дің қазақ тілі өз бәйгесін алар: Абай, Ахмет, Мир Якуп. Шаһке­рім, Тарғыннан һәм өзгелерден бұл көрініп тұр ғой» деген екен (191). Туған тілдің ұлттық әдеби құн­дылықтарымен бірге, басқа да халықтарды өзіне тартатын ерек­шелігін сезінген. Біздің қазақ тілі­нің бәйгесі – оның сан қырлы, мол байлығында ғана емес, ой-өрісінің биіктігінде, ақыл-ойының тереңдігінде. Бұған ұлттық фоль­клорымызды өзге халықтармен салыстырып, сараптау барысында көз жеткіздік.

Қазақ тілі – ежелгі тіл, ерліктің, өрліктің, өркениеттің тілі. Мұны академик суреткер Ғабит Мүсі­реповше толықтырсақ: «Ана тілі­міз – бұл бай тіл! Оралымды, ыр­ғақты, теңеу, бейнелеулері ерте туған тіл». Шын мәнінде, ерте ту­ған тіл. Мұны Рим ойшылдары мен ғұламаларының фило­со­фия­лық даналық ойларының қазақ мақал-мәтелдерімен ұқсастығын салыстыру барысында айқын­да­дық. Біз бұрын айттық па, әлде олар бізден үйренді ма, олар айт­қан ғұламалық пайымдаулар ана тілімізде жаңа мағынада, тілдің байлығымен, бейнелілігімен айқын айшықталған. Бұл жөнінде 2010 «Әлем әдебиеті» журналын­дағы мақаламды жан-жақты дә­лелдеп, талдаған едім.

Туған тілімізді туындыларын­да түлеткен, әдебиетімізге гүлзар гүл еккен, тамырын тереңдетіп, қа­ді­ріне жеткен ғұлама Ғабит ақ­сақал. «Біздің қазақ тілі өсу үс­тін­дегі, адам баласының кез келген, қиын да күрделі ойын бейнелеудегі мүм­кіндігі зор, аса бай тіл. Сондықтан да оны көздің қарашығындай қастерлеу – аза­маттығымыздың ең шынайы түрі» деп кемеліне келтіре айтыпты.

Ана тілдің бар байлығын, же­тістігін көрсететін айна – әдебиет пен көркем аударма. Ұлттық тіл­-дің қазыналы қоймасы да сонда. Өкі­нішке қарай, біз туған тілімізді мең­­геруге күш салғанымызбен, ұлт­тық әдебиетімізге көңіл бөлмей бара жатырмыз.

Әдебиеттің тамыры – тіл. Тіл – төл әдебиетті түлететін, гүл­денді­ретін, көркейтетін сарқылмас да­рия. Ұлттық тіл кедейленіп, өзге тілдердің үстемдігінде өгейлене бастаса, онда әдебиеттің де беделі түсе береді. Ал әдебиеттің қадірі ке­місе, ұлттық сана да тоқырауға ұшырайды. Қазіргі кезде жиын- тойда ойына түскенін айтатын дүмбілездер көбейіп барады. Өйт­кені олар тілді де шала біледі, оны үздіксіз нәрлендіретін әде­биеттен мақұрым.

Тіл үйрену – үздіксіз жалғасар үрдіс. Ғали Орманов ана тіліне, оның көркемдігіне, сұлулығына, тазалығына аса мән берген. Мұх­тар Әуезовтің өзі «Тілді Ғалидан үйрендім» деп мойындапты. Осы­нау азаматтығы асқақ ақынның тілдің келешегіне үнемі алаңдағаны жайлы замандасы, көрнекті ақын Хамит Ерғалиев естелігінде былай жазыпты: «Ағайын қаптап келіп жатыр. Келген сайын олар көбейіп, біз азайған үстіне азайып жа­тыр­мыз. Ана тіліміздің ахуалы қалай болар екен?.. Түптердің түбінде тіліміздің тағдыры солардың тал­қысына түсіп жүрмей ме, құдай біледі?». Осы сөзді Ғалекең аузы­нан он рет естіген шығармын. Әзір қарасаң, әулиенің сөзі ме деп қа­ламын». Шындығында да, ақын­дық көріпкелдік ойы бүгінгі күнге дәл келіп отыр. Тіл талқыға түсіп келе жатыр. Тәуелсіздік алғалы бері тар­тысқа айналған еді. Әлі тар­тыста. Арқан тартыс ойыны сияқ­­ты. Тілді ойынға, ойыншыққа, сая­сатқа айналдыруға болмайды. Тілді түсіністікпен түйсікке, сана­ға тереңдете сіңіру керек.

Тіл – ұлттың ұлт болып қалуы үшін күрес. Мұны Қазақстан­нан тысқары мемлекеттерде тұрып жатқан қандастарымыз айқын сезініп келеді. Тілді жоғалту тұла­бойдан ұлттық сезімді, намысты, рухты жоғалту екенін түсінген­дер сол үшін жанкешті күреске кірі­сіп кетті. Тілді үйреніп, меңгерудің түрлі тәсілдерін қолдануда. За­манауи ақпараттық технология тілді арақашықтық тәсілмен оқып-үйретуде. Алайда мұны барлық жат жердегі ағайындар меңгере бермесі анық. Тілді қандас бауыр­ларымызға меңгертудің тағы бір жолы – олар тұратын өңірлерге мә­дени шаралар, ақын-жазушы­лар және өнер адамдарымен кез­десулер өткізу. Сонан соң Ресей­-­дің селолық мекендерінде тұра­тын қазақтар жастарын шекаралас облыстарда білім беруге тарту. Мы­салы, соңғы деректер бойынша Самарадағы қазақтардың 70 па­йызы Орал қаласындағы жоғары оқу орындарында оқиды екен. Қазақтар жиі шоғырланған жерге мектептер, кітапханалар ашса, қандай игі іс болар еді.

Қазақ тілінің көркем де көр­некті, керемет тіл екендігіне көзі жеткен орыс және шетел ғалым­дары талай тамсантар ойлар айтқан. Оның бәрін келтіру қажет те емес. Ана тілінің қадірін қасиет­тегендердің бірі В.Радлов. Лин­гвист ғалым: «Қазақтардың тілі майда әрі шешен, олар өткір ойлы және жиі шымшыма сұрақ пен жауапта тапқыр, кейде тіпті таң­данарлықтай епті және де кез келген, тіпті ең сауатсыз қазақ біз мұны Еуропада тек француздар мен орыстардан байқағандағы­-дай, сондай жігермен тілді мең­гереді. Егерде олар әңгімелесе қал­са, олардың сөздерінің орам­дары тосын әрі сүйкімді» деп таң­дана жазған.

Халқымыздың туған тілін аман сақтауын исламнан бөліну ық­па­лы өзінің бастапқы түркілік си­патын жоғалтпағанынан көреді де «… қазақтар басқа ұлыстардан ойын жеткізуде айрықша еп­тілі­гімен, керемет шешендігімен да­раланады» деп ықыласты па­йым­дау жасайды. Ана тіліміз жай­лы ғұламалар айтқан қаншама па­расатты пайымдау, құнды ойлар бар. Оны көзіқарақты оқырман өзі де оқып, біліп жүр. Түйіндей кел­сек, қазақ тілі – қаһарман халық­тың, қазыналы жерді мекендеген ақ көңіл, мейірімді, қа­сиетті елдің дана, дархан тілі. Ұлан-байтақ, ұшы-қиырсыз жердің кеңдігін көрсетер, өжет бабала­рымыздың өрлігін өнегелер кере­мет тіл. Ше­шен, көсем тіл. Ұлтың­ды сүйсең, ана тіліңді ұлықта, ұрпақ!

Әнуар ТАРАҚ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы

“Айқын” Республикалық қоғамдық-саяси газеті

Ұлт ұстазы – Ахмет… ғафу ет
Халқымыздың ұлт болып қалып­тасуына ерекше үлес қосқан Алаш арысы Ахмет Бай­тұр­сынұлы осыдан 100 жыл бұрын жарық көрген «Тіл – құрал» оқулығында: «Өзіміздің еліміз­ді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен, әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай ала­тын­дығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мә­се­леде біздің халқымыз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып жатқандар қазақ тілін елеусіз қылып, хат жазса, өзге тілде жазып, қазақ тілінен алыстап ба­рады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағын­бай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер осыны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті» депті. Асыл азаматтың осы дана сөзі қазір де күшін жоя қойған жоқ. Әйтсе де ілгері басқан істер баршылық.

Жоғарыда айтқан ұлт ұстазының «Тіл – құрал» еңбегінің жарық көруінің 100 жыл­ды­ғына орай «Мемлекетшілдік мұрат және тіл тағылымы» атты дөңге­лек үстел өткен аптада болған еді. Онда алғашқы сөзді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Д.Қамзабекұлы алып, мемле­кет­шіл­дік туралы өз байламдарын айта келіп, қазақ студенттерін оқулықпен қамтамасыз ету 20 пайыз ғана қам­ты­лып отырғанын, оқу орнының өз күшімен өткен жылы 30 оқу құ­ра­лы жарық көргенін айтты. Ал Астана қа­ласы Тілдерді дамыту басқармасының бас­ты­ғы Е.Тілешев осы дөңгелек үс­телді ұйым­дас­тыру арқылы тіл та­ғылымын қалыптастыру жайын қозға­са, Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі Тіл комитетінің төрағасы Ш.Құр­ман­байұлы Ахмет Байтұрсынұлының артында қалған бай мұрасына, оның ішінде тіл мен білім беру ісіне қатысты еңбектеріне жан-жақты тоқталды. Парламент Мәжілісінің депутаты А.Смайыл тілді зерттеп-зерделеу жайын алға тартып, бәрін үйлестіріп отыратын бір құрылым керек десе, тағы бір Мәжіліс депутаты Р.Халмұратов өзге тілді мек­теп­терді, оның ішінде орыс мектебін бітірген жас­тардың қазақ тілінен хабарсыз болса да орта білім аттестатын жақсы бағамен алатынын, тіл үйрету орталықтарына 50-90 мың теңге шы­ғындап оқитын мемлекеттік қызмет­кер­лер­дің «талпынысында» көзбояушы­лық­тың болатынын атап айтты. Ал Мә­жіліс депутаты О.Асанғазықызы «Мем­­лекеттік тіл туралы» заң қабылдайтын, тілге бөлінген қаржының сұрауын сұрайтын уақыттың жеткенін, жал­ған ақпараттың жолын кесу қажеттігін, кей­бір лауазымды мекемелерде қазақ тілі­нің тағ­ды­ры 5-6 аудармашының енші­сіне беріліп қой­ғанын, тек солар жауаптыдай көрінетінін атап айтты. Профессор С.Батыршаұлы бұған дейін де екі рет тіл туралы бағдарламаның қабыл­дан­ғанын, Елбасы бақылауында тұрған жаңа бағдарламаны мүлтіксіз орындау үшін нақты жұмыс істеу керектігін, тіл үйрену жөніндегі тәжірибелер бойынша оны білуге 4-5 жыл уақыт керек бол­са, «Біздің 30 жылға созып отыр­ғанымыз қалай?» деген сұрақты алға тар­тып, 10 жыл ішінде кімдер қанша пайыз үй­ренетінін анықтап алмасақ ертең кеш болады, қазір өзге тілді мектептерде бұл іс қоз­ғау­сыз жатыр, ондай жағдайда 11 жылдан кейін мектепті бітірген бала тағы да қазақ тілінен мылқаудың күйін кешіп шығары сөзсіз, деп сөз аяғын түйді. Тіл жанашыры, журналист С.Шүкірұлы ұлтқа қызмет етудің үлгісін Ахмет Байтұрсын­ұлы­ның көрсеткенін, «Осы кісі секілді іс істей алмай жүргеніміз қалай?» деген сұрақты ортаға тастап, латынға көшу жөніндегі пікірін де білдіре кетті. Белгілі ғалым Н.Қалиев ХХ ғасырда Ғабит Мүсірепов тіл туралы аталы сөз айтқанын, ХХІ ғасырда да сондай бір елдік тұрғыда ерлік жасайтын тұлға көрінбей отырғанын еске салып, «Біз тіл жайын ойлайтын жас ұр­пақты қалыптастыра алдық па? Ахмет рухына адалдық танытып, тіл жөніндегі Алаш өсие­тін іске асырып жүрміз бе?» деп ендігі жерде тіл мәселесіне жазушылар, журналистер, өзге де азаматтар ғана атсалысып қой­май, заңгерлер де қатысуы керек. Себебі, тіл туралы мә­се­ле қозғалғанда заңдық жа­ғынан талас-тартыста табандап тұрып қорғап шы­ға­тын заңгер қажеттігін көріп жүрміз. Мен оған бір мысал келтіре кетсем деймін. Мә­жіліс депутаты болып жүрген кезімде «Тіл туралы» заң талқылан­ғанда, қазақтың айтулы азаматы Өмір­бек Жолдасбеков егер қазақтар мемле­кет­тік тілді бес жылда, өзгелер он жылда меңгерсін деген талап қойма­сақ, тіліміз өркен жаймайды деген мә­се­лені көтергенде, бұл адам құқығына нұқсан келтіреді дегендер болған. Сөй­тіп, амалсыз болса да барсақ деген қадамға тосқауыл қойылған. Біз ұрпақ­тың санасына мемлекеттік тілдің құді­ретін бесіктен сіңіруіміз керек. Көрші ел өзбектер жастардың мемлекеттік тілді білуі туралы мониторинг жүр­гізгенде тоқсан пайызы жетікпіз деп жауап беріпті, деді.

Жалпы, дөңгелек үстелде мем­ле­кеттік тіл­дің тағдыры туралы мәселе аз айтылған жоқ. Әсіресе, Үкімет оты­рыстарының, ми­нистр­лік­тердің жиындары ресми тілге бейім тұ­ратынын, осыны азайтудың бір жолы ретінде теледидардағыдай елу де елуге көшірсек деген ұсыныстар біл­дірілді. Сол секілді қу тілден қуыр­дақ қуыра бермей, «Өз тілімен сөй­лес­кен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта… жоғал­май­ды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» деген Ахмет сөзін ту етіп көтеріп, әр­кім отбасы, ошақ қасында қазақ тілінің мәр­тебесін арттырса, бүгінгідей ұзын ар­қау, кең тұсаудан құтылып, арман-тіле­гі­ңізді біраз­ға создық, енді бәрі орнына кел­ді. «Ұлт ұстазы Ахмет… ғафу ет» дер едік деп дөңгелек үстелге қатысушылар ой түйіндеді.

Сүлеймен МӘМЕТ.

“Егемен Қазақстан”

Менің тілім қазақша шыққан
– ДЕЙДІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ҚОҒАМ ТВ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ ЕЛЕНА РЫБИНА

«Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды». Ана тіліміз турасында сөз болғанда халық арасындағы осы нақыл тілге орала беретіні бар. Елбасының өзі «Он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады» деп еді. Ащы сөз. Адам намысына тиетін, санасын сергітетін-ақ мысал. Дегенмен, тіл проблемасы күн тәртібінен әлі түскен жоқ. Қоғамдағы қызу талқыланатын тақырыптың бірі болып тұр.

Ауызды қу шөппен сүртуге де болмас. Жалпы жұртшылықтың мемлекеттік тілге бет бұрғаны байқалады. Мысалы, өзге ұлт пен ұлыстың өкілдері қазақша үйреніп жүр. Үйреніп қана қоймай, теледидардан бағдарламалар да жүргізеді. Бұрынырақта өзге ұлттан қазақ тілін тек Герольд Бельгер мен Асылы Осман ғана білетіндей болып көрінетін. Қазір теледидарда қазақ тілінде сөйлеп отырған қыз-жігіттерді санасаң, саусағың жетпейді. Солардың бірі Қызылорда облысындағы «Қоғам ТВ» телеарнасының жүргізушісі Елена РЫБИНА. «Егеменнің» елдегі тілшісі қазақ тіліне қамшы салдырмайтын қаршадай қызға жолықты. Сұхбаттасты. Екеуара әңгіме былайша өрілді.

«Адамда екі Отан болмайды»

– Әдетте «Отан оттан да ыстық» деп ауыз толтырып айтып жатамыз. Сен үшін Қазақстан дейтін байтақ шынымен оттан ыстық па?

– Кіндік қаның тамып, кір жуып өскен жерің – ол сенің Отаның. Адамда екі жүрек болмайды. Сол сияқты Отанның да екеу болуы мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан менің туған отаным. Маған отаным оттан да ыстық десем, қоспасыз айтқан болар едім. Мен Қазақстанда тудым. Осы жерде жетілдім. Өскен ортам да Қызылорданың құмды даласы. Мектепті де Ақмешіт атырабында бітірдім. Жұрттың бәрі жоғарғы білім іздеп жан-жаққа кетіп жатқанда, мен өз қаламда қалдым. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдадым. Қазір осы қалада, елдің айнасына айналған «Қоғам ТВ» телеарнасында қызмет етіп жатырмын. Тағы қайталап айтайын: мен Қазақстанда тудым. Осында азамат болып қалыптастым. Жұмысымды істеп жатырмын. Ешкімнен кем болмай күнімді көріп жүрмін. Сондықтан Қазақстан менің отаным.

– Жоғарыдағы сұрақтың сыры бар еді. Жүрегіңнің әлдебір түкпірінде ата­жұрт­қа деген сағыныш жоқ па? Күн­дер­дің бір күнінде өзіңді өсіріп-жетілдірген қазақ жерін қиып кетпейсің бе?

– Негізі менің туысқандарым Ресейде тұрады. Бірақ, шынымды айтайын, ол жақ­қа көшу туралы еш ойланбаппын. Сосын мен неге көшуім керек? Жаңа айттым: Қа­зақ­стан менің отаным. Ал отанымды тастап кетсем, ол опасыздық болып саналмай ма? Әрине, саналады. Отанына опасыздық жаса­ған адам өзге жерге де керек деп ойламаймын.

Кезінде біраз адам Қазақстаннан көшіп кетті. Менің ата-анам көшкен жоқ. Ол жағдайының жетпегенінен, не болмаса Ресейге барғанда күн көре алмай қалудан қорыққаннан емес. Олар да өздері өскен жерді қимады. Тастап кете алмады. Қазір көріп отырмыз ғой, сол кезде көшіп кеткен адамдардың көбі қайта оралып жатыр. Өйт­кені, олар бәрібір барған жеріне сыйыса алмады. Туған жерін сағынды. Қазақы ортаны аң­сады. Осындай жәйттарды көзіммен кө­ріп, санаммен сезініп отырған соң Қазақ­стан­нан көшу туралы ойланбаймын да. Оның үстіне мен бұл жерде ешқандай қы­сым көрмеймін. Жұмысым бар. Табысым жеткілікті. Ешкім артық талап қойып отырған жоқ.

– Біз көп ұлтты елміз. Қазақстандағы ұлттар арасындағы қарым-қатынасқа, өзге ұлттарға жасалып жатқан қам­қор­лыққа қандай баға берген болар едің?

– Көп ұлттылық Қазақстанның артық­шы­лығы дер едім. Тұтас бір мемлекет тү­гі­лі, бір отбасының өзінде келіспеушіліктер, пікір қайшылықтары болып жатады. Ал 130 ұлт пен ұлыстың басын бір шаңырақтың астына біріктіріп отырған біздің туған елі­мізде ондай алауыздық пен алакөздік жоқ. Өйткені, мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты дұрыс. Қазақ жеріне өзге ұлттың өкіл­дері тағдыр талайына жазылған әртүрлі жағ­дайлармен келді. Дегенмен, солардың бар­лығын қазақ халқы туған бауырындай қабылдады. Қолындағы бір үзім нанын бөліп беріп, ашты тоғайтты, жарлыны байытты. Берекелі де мерекелі жерге келіп бақ-дәулеттері тасыған жұрт та оларға риза. Ресми билік те бір ұлтқа басымдық беріп, екіншісін кеудесінен итеріп отырған жоқ. Билік үшін бәрі бірдей. Алаламайды, бөлмейді. Сондықтан қазақ топырағын мекендеген барлық халық бір үйдің баласындай, бес саусақтың саласындай болып тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр.

Қазақта «тамыр» деген сөз бар. Бұл жәй ағаштың не гүлдің тамыры емес. Адамдар арасындағы тамырластық. Иә, қазақ қаны бөлек болса да өзге жұрттың бәрін өзіне тамыр деп жақын тартқан. Тамырласқан. Қазақ халқының осындай кең пейілі де бейбітшілік пен татулыққа үндейді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрбір сөзінде татулықты басшылыққа алады. Ұлттар арасындағы бір-біріне төзімділікті, толеранттылықты насихат етеді. Бұл да өз жемісін бермей жатқан жоқ. Тәуелсіз елі­міз татулықтың тал бесігінде тер­беліп тұр. Ал бұл екінің бірі, егіз­дің сыңарының қолы жете бермейтін жетістік.

– Дұрыс. Мемлекет ұлт пен ұлысты бөлмей, бір-бірінен алаламай, бәріне бірдей саясат ұстанып отыр­ған ел тынысын көрмеу мүмкін емес. Алайда өзге ұлттың өкілдерінің қазақ тілін мең­ге­руі некен-саяқ. Әрі-беріден соң «сыйға сый, сыраға бал» деген ой болуы керек қой…

– Мен сізге өзімді мысалға келтірсем бола ма? Мысалы, маған ешкім «сен қазақ тілін үйрен» деген жоқ. Өз еркіммен үйрен­дім. Өзіме керек болғаннан кейін меңгердім. Сондықтан «жұрттың бәрі қазақша сөйлеуге құлықсыз» деуге болмайды.

– Меніңше, сен сияқты ойлайтын адамдар көп емес.

– Оны білмедім. Мәселен, Қызылорда облысында 96 пайыз қазақтар тұрады. Сол себепті осы ортадағы адамдардың барлығы қазақ тілін табиғи түрде біліп алады. Ол қаласын, қаламасын орта қазақша бол­ған­нан кейін, мемлекеттік тілді үйренуге мәжбүр болады.

– Бұл жерде мәселе тек Қызылорда облысына қатысты емес. Республика деңгейінде айтып отырмын…

– Егер республика деңгейінде алып қарайтын болсақ, онда мынаны айтар едім. Солтүстік, шығыс өңірлерде қазақтардың өзі қазақ тілінде сөйлемейді. Тіпті, алып Алматыда қазақтар қазақ тілін біліп тұрса да, орыс тілінде сөйлеседі. Орталық Қазақ­стан­да да мемлекеттік тілге деген сал­қындық бар. Енді айтыңызшы, қазақтардың өзі орыс тілінде сөйлеп тұрғасын, өзге ұлт мемлекеттік тілді қажетсіне ме? Қажет­сін­бейді. Ең алдымен қажеттілік керек. Ал оны тудыру үшін қоғамдық ортаны қа­лып­тастырып алу шарт. Сонда ғана өзге жұрт мемлекеттік тілде сөйлейтін болады.

«Ес білгенімнен қазақ тілінде сөйлеймін»

– Осы орайда өзіңнің қазақ тілін қалай меңгергеніңді айта кетсең…

– Ес білгенімнен қазақ тілін білемін. Жалпы, менің тілім қазақша шыққан деуге болады. Өзім осы қалаға жапсарлас жатқан Белікөл ауылында дүниеге келдім. Сонда оқыдым. Әрине, орыс мектебіне бардым. Бірақ ол жерде менің сегіз-ақ сыныптасым болды. Оларды тек мектепте ғана көремін. Сыныпта және үйде ғана орысша сөй­ле­се­міз. Қалған жерлердің бәрінде қазақша сөй­лейсің. Өйткені, айналаңның бәрі қазақ. Солармен ойнайсың. Араласасың. Дос бола­сың. Сосын өз еркіңнен тыс олармен қазақ­ша сөйлесесің. Олардың бәрі бір мен үшін орыс тілінде сөйлемейді ғой. Керісінше, мен бейімделдім.

Ал өзімнің қазақ тілінде жақсы сөйлейтінімді жоғары оқу орнына түсер кезде білдім. Анық сезіндім. Себебі, мен таңдаған мамандық бойынша орыс тобы болмады. Сосын маған таңдау жасауға тура келді: не қазақ бөліміне түсем, болмаса орыс бөлімі бар басқа қалаға кетем. Мен біріншісін таңдадым. Сөйтіп, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің қазақ бөліміне құжат тапсырдым. Университет қабырғасында тіл мәселесінен еш қиналған жоқпын. Ғылыми тұрғыда да қиыншылық байқалмады. Себебі, қазақ тілінде еркін сөйлеймін, оқи аламын, ойымды да шама-шарқымша жеткіземін. Шыны керек, оған дейін өз шамамды өзім білмеген екем. Осыдан кейін өзімнің қазақ тілін қаншалықты меңгергенімді білдім.

– Өзің тұрмыс құрдың ба?

– Жоқ. Әлі отбасын құрып үлгермедім.

­– Болашақта балаңды қазақ мектебіне берер ме едің?

– Бұл мәселеде мен былай ойлаймын: баламды қай мектепке бермейін, ең алдымен оның оқыту тәсілі, бағдарламасы, білімі дұрыс болуы керек. Сосын қазақ тілін де, орыс тілін де үйрететін мектеп болса деймін.

– Айтып отырғаның аралас мектеп жайы ғой.

– Иә, аралас мектеп. Бала бір тілді білумен ғана шектелмеуі керек. Ол қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін де біліп өсуі қажет. Сонда ғана ол қоғамның қажетіне жарайтын азамат болады.

– Мемлекеттік тілді білудің пайдасы болмаса саған зияны тимеген шығар?

– Пайдасы зор. Оқушы, студент кезімде мемлекеттік тілді білгенімнің арқасында Қазақстанның түкпір-түкпірінің бәрін араладым. Түрлі фестиваль, форум, конференциялар болса, мемлекеттік тілді біледі деп мені жіберетін. Әсіресе, студент кезімде ондай жиындарға көп қатыстым. Сол жерлерде жұртпен араластым. Өз ойымды айттым. Биік мінберлерден сөйледім. Негізі менің мамандығым химия пәнінің мұғалімі. Бірақ облыстық «Қоғам ТВ» телеарнасында жұмыс істеймін. Бұл да қазақ тілін білгенімнің пайдасы. Егер тіл білмесем, мені арна жұмысқа алмас еді. Мемлекеттік тілді білгенімнің арқасында осындай жетістікке жетіп отырмын.

– Қазақ тілін білу пайдалы екен. Осыны өзге тіл білмейтіндер түсінбей ме, әлде басқа себептері бар ма? Орыс тілді ортамен де араласасың ғой. Осының себебіне үңіліп көрдің бе?

– Насихат жұмыстары аз сияқты…

– Қалайша? Түрлі іс-шаралардан бө­лек, көшеде тілді үйренуге үгіттеген би­л­бордт­тарға дейін тұр. Жыл сайын мем­лекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақ­сатында миллиондаған қаржы бөлінеді. Санамалай берсе, насихат жұмысының санына жету қиын. Сонда осы аз ба?

– Мемлекеттің мемлекеттік тілге деген қамқорлығын жоққа шығара алмаймын. Билік басындағы азаматтар қазақ тілінің мәр­тебесін арттырып, қолданыс аясын кеңейту үшін бағдарлама қабылдап, қаржы бөлгізіп жатыр. Газеттер де жазудай-ақ жазады. Телеарналар да насихаттайды. Әсілі, насихат аз сияқты дегенді асығыс айтсам керек. Бірақ қазақ тілін көтеруге бөлінген қаржы тиісті мақсатқа жұмсалып жат­қа­ны­на күмәнмен қараймын. Неге дерсіз? Мысалы, мен қазақ тіліне қатысты талай жиынға қатыстым. Көп жағдайда олар жиынды өткізу керек болғасын ғана өткізе салады. Сапасы төмен болады. Жаны ашымайды десем де болатын шығар. Ал қазақ «жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» дейді. Осы жұмыстарды ұйымдастыру­шылар жаны күйіп істесе, онда жағдай басқаша болар ма еді?!

– Біздің қоғамда қазақ тілін білетін өзге ұлттың өкілдеріне біршама жеңіл­дік­тер берілген. Осы дұрыс па? Мем­ле­кет­тік тілді білу әркімнің парызы емес пе?

– Осы арқылы өзге тіл білмейтіндерге насихат жұмысын жүргізіп, оларды үгіттеу деп есептеймін. Ол – мемлекеттік саясат. Қазақ тілін білетін әрбір ұлт өкілін көрсете отырып, өзгелерге де «осындай болыңдар» деген сөз. Сосын мемлекеттік тіл менің туған тілім емес қой. Жеңілдік жасалатыны сондықтан да болуы мүмкін.

– Мысалы, Қытайда басқа ұлт өкілін «мынау қытай тілін біледі» деп оны бө­лек­ше әспеттемейді ғой. Бізде де сондай болуы керек емес пе.

– Олардың заңында «барлық тұрғын қытай тілінде сөйлеуге тиіс» делінген. Бізде ондай жоқ.

– Сонда біз де мұны заңмен реттеуіміз керек шығар?

– Солайы солай. Заңмен реттелмегеннен кейін пәлен деп айта да алмайсың.

«Қазақ тілін білмейтін азамат мемлекеттік қызметке алынбауы тиіс»

– Ал қазір Ата заңнан «орыс тілі – ресми тіл» деген тармақты алып тастау туралы ұсыныстар айтылып жүр. Қазақ тілін білетін өзге ұлттың өкілі ретінде сен бұған қалай қарайсың?

– Оған қарсымын. Егер орыс тілін заңмен алып тастасақ, онда біз­дің елдің даму деңгейі төмендеп кетеді.

– Неге? Оны қандай тұжы­рым­ға сүйеніп айтып отырсың?

– Қазір біз шет елдермен қай тілде байланыс жасаймыз? Әрине, орыс тілінде. Ел­ба­сының өзі үш тұғырлы тіл саясатын ұста­нып отыр. Сондықтан Қазақстанда қазақ, орыс, ағылшын тілдері қатар дамуы керек.

– Жарайды, сыртқы қарым-қаты­нас­та үш тіл болсын делік. Ал Қазақстан­ның ішкі өз өмірінде де солай болуы керек пе?

– Біз секілді жастарға мемлекеттік тілді үйреніп алу қиын емес шығар. Тез бейімделеміз. Ал елуден асқан адамға қалайша қазақ тілін үйрен деген талап қоямыз? Оларға қиын тиеді ғой. Оны олар өздеріне көрсетіліп жатқан қысым ретінде қабылдауы да мүмкін. Ал заңға келсек, оны қатайту керек. Бірақ орыс тілін алып тастау арқылы қатайтудың қажеті жоқ.

– Сонда қалай?

– Мәселен, мемлекеттік қызметке алынатын әрбір адам қазақ тілінде емтихан тапсырсын. Қазақ тілін білмейтін адам мем­лекеттік қызметте жұмыс істей алмайтындай болсын. Осының өзімен-ақ біз бір­талай жетістікке жетеміз. Бүгінде жас­тар­дың барлығы мемлекеттік қызметкер бол­ғы­сы келеді. Егер әлгіндей талап қойы­ла­тын болса, онда олардың бәрі қазақ тілін үйренуге көшеді. Солайша, мемлекеттік тілдің мәр­те­бесін арттырамыз. Осы арада жастарды қа­зақ тіліне үйретудің тағы бір тәсілін айтқым келеді. Жастар еліктегіш келеді ғой. Осыны оңтайлы пайдалануға болатын сияқты. Былайша айтқанда, қазақ тілінде сөйлеу «модаға» айналуы қажет. Сонда еліміздегі барша жас өзінен-өзі-ақ қазақша сайрайтын болады. Жалпы, тілдің мәртебесін арттыруға қатысты талай тәсілдер бар. Бастысы, соны оңтайлы пайдалана білу дер едім.

– Бүкіл ел қазақ тілінде сөйлеу үшін қандай амалдарға бару керек деп ойлайсыз?

– Ең алдымен қазақ тілінде оқулықтар аз. Көбіне жетіспей жатады. Мемлекеттік тілде білім беретін оқулықтар санын арттыру керек. Сонан соң интернет сайттарының да санын көбейткен жөн. Өйткені, қазақ тілінде мағлұмат іздесең, таппайсың. Бар оқулықтың өзін түсіну қиын. Сондықтан олардың сапасына мән бере отырып, санын да арттыру қажет.

Дей тұрғанмен, ең алдымен қазақ­тар­дың қазақ тілін үйренуге деген ынтасын арттыру керек сияқты. Бүгінде қазақтардың өзі орыс тілінде сөйлегенді мәртебе санайды. Соған қарай икемделеді. Енді қазақ­тар­дың өзі ана тілін үйренуге құлықсыз болып тұрғанда, басқадан бірдеңе сұраудың өзі біртүрлі ұят тәрізді.

– Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңей­теміз деп жүріп, оның сапасын тө­мендетіп алған жоқпыз ба? Әсіресе теледидар саласында. Өзің де облыстық «Қо­ғам ТВ» телеарнасында қызмет істейсің. Бұл тұрғыдан не байқағаның бар?

– Мен қазақ тілінде сөйлеймін. Хабар жүргіземін. Бірақ мен тіл маманы емеспін. Сондықтан тілдің сапасына қатысты пікір айта алмаймын.

– Мақұл делік. Мысалы, «Біз сізге көрсетеміз» дегенді қалай қабылдар едің?

– Қорқытып тұрған сияқты ғой. Әдетте ашуланған адам «мен саған көрсетемін» демейтін бе еді?

– Дұрыс. Бұл сөз бір телеарнаның жа­ңалықтар қызметінің жарнамасы. Тілдің қадірін қашыратын осындай келең­сіздіктер ғой.

– Әлбетте. Жалпы, қазір тілді оңды-солды қолдана беретіндер көбейіп барады. Жарымжан жарнамалар, сақау сөйлемдер­ден көз сүрінеді. Сонымен қатар, қазақ хал­қының өзі түсінбейтін терминдер шығып жатыр. Өткенде балконның аудармасын ес­тіп, не күлерімді, не жыларымды білмедім. «Қылтима» деп аударыпты. Сонда аудармашылар балконнан қарап тұруды қылтиып тұру деп қабылдағаны ма? Әлде басқа се­бе­бі болды ма екен? Кейде бізге баспасөз парағы келіп жатады. Әлгінің қазақшасын оқысаң түк түсінбейсің. Амалсыздан орыс тіліндегі нұсқасына қол созасың. Содан кейін барып қана мәселенің мән-жайы анықталады. Негізі, тілді қолдануда ең алдымен журналистер абай болуы керек. Ха­лықтың алдында жүргеннен кейін тілді бұзбай, мәйегін сақтап, жүйесімен сөйлеу шарт. Сондықтан сіздің алаңдау­шы­лы­ғы­ңыз­ды түсінемін.

– 2020 жылға қарай барша қазақстан­дық­тардың 95 пайызы қазақ тілінде сөй­лейді деген болжам бар. Сіз осыған сенесіз бе?

– Өзімізге белгілі, 2011-2020 жылдар аралығында мемлекеттік тілді дамыту мен қолданыс аясын кеңейтуді көздеген бағ­дар­лама қабылдадық. Мен онымен танысып шықтым. Ішінде елдің көкейіне қонатын тың бастамалар бар. Қазақ тілінің мәрте­бесін арттыратын игі істер де жеткілікті. Егер жұмыс жүйелі жүріп, бағдарламада көрсетілген талаптар мен мақсат-міндеттер орындалар болса, онда 95 пайызға жетеміз деп ойлаймын. Ал жүрдім-бардым қарап, көңілсіз жасалатын болса, онда осы күйімізде қала береміз. Тағы да қайталап айтайын: қазақ тіліне алдымен қазақтардың жаны ашуы керек. Сонда ғана өзге ұлттың өкілдері мемлекеттік тілге мойын бұрады.

– Рахмет.

Түйін сөз: Қазақ тілінде мақалдатып сөйлеп отырған қыз әңгіме барысында бізге бірнеше рет қазақтардың қазақ тілін білуге құлықсыз екенін айтты. Бетімізге шіркеу болып басылды демеспіз, бірақ «өзің дуанасың, кімге пір болғандайсың?» деген мәтелді есімізге түсірді. Сондықтан барша қазақ ана тілінде сөйлемейінше, өзге ұлтқа салмақ салу ұят па деп қалдық…

Әңгімелескен Ержан БАЙТІЛЕС.

Төбесі тесік қыз

Оқушы кезім. Сабақтан қайтып келе жатыр едім. Автобустың ішінде өзіммен қатар екі қазақ қызы отыр екен. Маған қарап жымиды да, әңгімеге кірісті. Байқаймын, мені сөз етіп отыр. Амалсыздан құлақ салдым. Біраз нәрсе айтылды. Мен үндемедім. Бір кезде мұрныма келді кезек. Бірі: «Мұрны неткен дәу еді?» деді. Екіншісі де: «Қызға мұндай мұрын жараспайды екен өзі», деп қоштады. Мен өз аялдамама келгем. Автобус­тан түсіп бара жатып:

– Құдайдың берген мұрны осы болса, маған не дейсіңдер?– дедім. Екі қыздың көздері ұясынан шығып кете жаздады.

Жалпы, менде мұндай жағдайлар көп болған. Соның бірі пойызда орын алды. Купедегі үш кісі қазақша сөйлесіп, мені түсінбейді деп ойлады. Енді мен туралы айта бергендерінде: «Апай, мен қазақша білемін ғой», дедім.

– Ойбай, мынаның төбесі тесік екен ғой, – деп күлкіге басты көршілерім.

Төбесі тесік қыз

Оқушы кезім. Сабақтан қайтып келе жатыр едім. Автобустың ішінде өзіммен қатар екі қазақ қызы отыр екен. Маған қарап жымиды да, әңгімеге кірісті. Байқаймын, мені сөз етіп отыр. Амалсыздан құлақ салдым. Біраз нәрсе айтылды. Мен үндемедім. Бір кезде мұрныма келді кезек. Бірі: «Мұрны неткен дәу еді?» деді. Екіншісі де: «Қызға мұндай мұрын жараспайды екен өзі», деп қоштады. Мен өз аялдамама келгем. Автобус­тан түсіп бара жатып:

– Құдайдың берген мұрны осы болса, маған не дейсіңдер?– дедім. Екі қыздың көздері ұясынан шығып кете жаздады.

Жалпы, менде мұндай жағдайлар көп болған. Соның бірі пойызда орын алды. Купедегі үш кісі қазақша сөйлесіп, мені түсінбейді деп ойлады. Енді мен туралы айта бергендерінде: «Апай, мен қазақша білемін ғой», дедім.

– Ойбай, мынаның төбесі тесік екен ғой, – деп күлкіге басты көршілерім.

«Егемен Қазақстан», Сәрсенбі, 25 Қаңтар, 2012