- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 3)
Жаңалықтар
-
Наурыз мейрамы құтты болсын!
22 Наурыз 2022
Көктем, жаңару мен жылылық мерекесі — Наурыз құтты болсын! Мереке шат күлкі мен ыстық бауырсақтарға толы болсын! Отбасыларыңызға амандық, құт-береке, бақыт тілейміз! Ақ мол, жыл ырысты болсын!
-
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
8 Наурыз 2022
Мемлекеттік тілді дамыту қоры және Soyle.kz командасы әжелерімізді, аналарымызды, қыздарымызды, әпкелерімізді, әріптестерімізді және барлық әйелдер қауымын көктемнің жарқын да шуақты мерекесімен құттықтайды! Жайдарлы және шуақты көңіл-күй тілейміз! Әрдайым күлімдеп жүріңіздер! Сіздердің күлкілеріңіздің жылуы біздің әлемді мейірімді, жарқын және бақытты етсін!
-
Наурыз айының бірінші күні қазақстандықтар Алғыс айту мерекесін атап өтеді
1 Наурыз 2022
Алғыс айту күні — бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл кең құшақ құрмет — еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне, халқымыз үшін айтулы ізгі дәстүрге айналды. Көктемнің алғашқы күнінде әрқашан жанымыздан табылатын, әр күнімізді бақытты сәттерге бөлейтін отбасымыз бен жақындарымызға алғысымызды білдіруді ұмытпайық. Барлық оқырмандарымызды, пайдаланушыларымызды Алғыс айту күнімен […]
-
Президент тіл реформасы туралы: Мәселе латын графикасына жедел түрде көшу емес
17 Ақпан 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында латын әліпбиіне көшудің қағидаттарына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біздің халқымыз талай «тар жол, тайғақ кешуді», қилы заманды басынан өткерген. Қиындықтың бәрін жеңген. Кешегі қасіретті оқиға кезінде халқымыз бірлігін көрсетті. Осы құндылықты келешек ұрпаққа аманат етуіміз керек. Қазақстанның болашағы жарқын болатыны сөзсіз. Мен бұған кәміл сенемін. Біздің […]
-
Пимслер әдісі бойынша қазақ тілін оқудың жаңа формасы басталды
17 Ақпан 2022
Сүйікті пользователи! Плейлист бойынша қазақ тілін оқудың жаңа формасының басталғаны туралы қуана хабарлаймыз. Сабақтар әлемдік тәжірибеде үздік әдістердің бірі ретінде танылған доктор Пол Пимслердің әдістемесі бойынша әзірленген. Пимслер әдісі төрт негізгі идеяға негізделген: антиципация, деңгейлі аралық қайталау, сөздік ядро және үйлесімді оқыту. Біздің жағдайда, сабақтарды қайталау арқылы (бір уақытта өз ісіңізбен айналысып) қазақ тілін үйренуге […]
-
Ұлттық аңыздардың желісімен жазылған комикстердің сатылымы басталды
28 Қаңтар 2022
Сіздерге «Ұлы дала аңыздары» атты комикстердің сатылымы басталғанын асыға жариялаймыз. Үш тілде жазылған жобаның онлайн нұсқасын qazcomics.kz сайтынан оқи аласыздар. Комикстердің графикасы шетелдік стильде салынғанымен, түркі колориті тұнып тұр. Қазіргі таңда әлемді жаулап алған жапондық мангалардың қабырғасымен тең. Сонымен қатар, комикстердің ерекшелігі – ұлттық аңыздар мен эпостардың заман талабына сай өңделіп берілгені. Бұл комикстерде: ер […]
-
«АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
20 Желтоқсан 2021
Еліміздің әдебиет саласында қабілетін көрсеткен шығармашыл дарынды жастар аз емес. Бұған «Алтын тобылғы» республикалық байқауының қорытындысы дәлел. Биыл жетінші рет өткізілген сайысқа жас ақындар мен жазушылардан 156 шығарма түсті. Бұл заманауи қазақстандық әдебиетті дамытуға, жас қаламгерлерді қолдау мен шығармашылығын насихаттауға бағытталған. Қатысушылар бес номинацияның бірінің жеңімпазы атануға барын салды. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары […]
-
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
15 Желтоқсан 2021
Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде! 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі тарихи құжат – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» №1008-XII Конституциялық Заң қабылдады. Сол күні Қазақ КСР Президенті лауазымына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Еліміздің жаңа тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Мемлекеттік тілді дамыту қоры […]
-
Халықаралық «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық турнирінің қорытындысы шықты
8 Қараша 2021
«Nazarbaev ortalygy» балаларды дамыту орталығында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша жоғарғы сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған халықаралық турнирдің финалдық ойыны және марапаттау рәсімі өтті. «Кім білгіш?» ойыны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті. Шараға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы және Мемлекеттік тілді […]
-
Нұр-Сұлтанда «Кім білгіш?» турнирінің финалы өтеді
25 Қазан 2021
Интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9, 10 және 11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы халықаралық онлайн турнирінің финалдық ойыны үстіміздегі жылдың 8 қарашасы күні, сағ. 9:00-де Нұр-Сұлтан қаласында, Ә.Бөкейхан көшесі, «Nazarbaev ortalygy» даму орталығында өтеді.