- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 19)
Жаңалықтар
-
Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры бүлдіршіндерге қонаққа барды
19 Қыркүйек 2014
Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының № 71 балабақшасының тәрбиеленушілеріне қазақ тіліндегі кітаптарды сыйға тартты. Бұл мектепке дейінгі оқушыларға арналған энциклопедиялар және танымдық балалар әдебиеті.
-
Қазақстанмен өзінің тағдырын қосқан адамдардың барлығы баласына қазақтың тілін үйретуде — ҚР Президенті
25 Тамыз 2014
Ең бастысы, өзіміз қазақша сөйлеуіміз қажет. Бұл туралы бүгін «Хабар» телеарнасына эксклюзивті сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Қазақ тілінің қолданылуы мен өркендеуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды. Конституцияға «Мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай жазылды. Енді ешкімге қазақ тілінде сөйлеме деп және тілге кедергі келтіріп отырған бір адам жоқ. […]
-
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҮЙРЕТЕТІН САЙТҚА СҰРАНЫС АРТҚАН
8 Тамыз 2014
Қазақ тілінде сөйлеуді онлайн үйрететін soyle.kz сайтына сұраныс артып келеді. Ғаламторға шыққалы жарты жылдың ішінде әлемнің 50 мемлекетінен адамдар кіріп, қазақ тілін үйрене бастаған. Бұл – елімізде қолға алынған алғашқы жоба. Идея авторы — мемлекеттік тілді дамыту қоры. Тәуелсіздік алған 23 жылда қазақ тілін дамыту үшін небір әдіс-тәсілдер қолданылды. Бұл жоба солардың ішіндегі бірегейі болып […]
-
«Қазақ тілін бір айда меңгеру» жобасының қорытындысы шығарылды.
7 Тамыз 2014
«Vласть» интернет-журналының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тілін бір айда меңгеру» жобасы өз мәресіне жетті. Қазақ тілін бір айда үйренуге ықылас білдірген еріктілер жоба басталмас бұрын тілді білу деңгейін анықтау тестілеуінен өтті. Олардың әрқайсысы тіл үйрену әдісін өз қалауынша таңдап алған болатын. Математик Ибрагим Ибатуллин қазақ тілін бір ай бойы ауылда болып, тілдік ортаға ену арқылы үйренуді […]
-
Журналистер күні қарсаңында «Soyle.kz» порталы туралы үздік мақалаға байқау жарияланады
27 Маусым 2014
Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстандағы ең алғашқы қазақ тілін тегін үйрететін www.soyle.kz онлайн курсының жұмысы туралы үздік мақалаға байқау жариялайды. Байқаудың мақсаты оқырмандарды мемлекеттік тілді үйренуге тарту және осы порталмен көпшілікті таныстыру. Байқауға кәсіпқой журналистермен қатар www.soyle.kz ресурсы арқылы мемлекеттік тілді үйреніп жүрген кез келген пайдаланушы қатыса алады. Авторлар өз мақалаларында осы порталмен қазақ тілін […]
-
«Казахский язык за месяц» жобасына қатысушылардың бірі қазақ тілін «Soyle.kz» көмегімен үйренетін болды.
13 Маусым 2014
Vласть интернет-журналы мен Qazaq Banki бірлесіп ұйымдастырған «Казахский язык за месяц» жобасының 5 қатысушысы анықталды. Іріктеу Алматы және Астана қалаларында өтті, өткен жылғыдай тестілеу кезінде қалалық тіл басқармаларының өкілдері қатысты.
-
Шенеуніктерге 2015 жылдан бастап қазақ тілін меңгеру міндеттеледі
11 Маусым 2014
Мемлекеттiк қызметшiлер қазақ тiлiн меңгеру 2015 жылдан бастап орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына Қазтест жүйесiн енгiзу арқылы шешілмек. Бүгiн Үкiмет отырысында Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаның орындалу барысы қаралды.
-
Балаларды қорғау күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры балабақша тәрбиеленушілеріне кітаптар сыйға тартты
28 Мамыр 2014
Балаларды қорғау күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласында жаңадан ашылған № 76 балабақшасының тәрбиеленушілеріне қазақ тіліндегі кітаптар пен дискілер сыйға тартты.
-
Қазақстандық жастардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілде еркін сөйлейді
19 Мамыр 2014
Мемлекеттік тілді дамыту қоры жастар арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «www.soyle.kz» интернет-порталының парақшасында әлеуметтік сауалнама өткізді. Сауалнамаға қатысушыларға мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қатысты бірнеше жауап нұсқалары ұсынылды.
-
Мемлекеттік тілді дамыту қоры оқушылар арасында «Батырлардан өнеге» атты батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысын өткізді
4 Мамыр 2014
2014 жылғы 24 сәуірде Астана қаласының № 2 Қосшы орта мектебінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Алдаспан» қоғамдық қорымен бірлесіп, Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған «Батырлардан өнеге» атты 5-10 сынып оқушылары арасында батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысын өткізді.